Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

32 сурет 1-толықтықтың денебітімдеріне ұсынылатын киімнің силуэттері (а, б, в, г) көрсетілген және оларға үлгілер (д, е, ж, з) келтірілген. 48-өлшемнің 4-толықтықтағы денебітімі жіңішке, дөңес иық және кең бөксемен сипатталады, мұны да оның өлшемдері көрсетеді - 1-толықтық кеуде айналымымен бірдей, ал бөксе айналымы 112 см. Кеуде айналымы мен бөксе айналымының арасындағы айырмашылық 16 см. Мұндай денебітімдерді нәзік әйелдік денебітімдерге жатқызады. Оларға барлық силуэттерді ұсынуға болады. 33-суретте 4-толықтықтың денебітімдеріне ұсынылатын киімнің силуэттері (а, б, в, г) көрсетілген және оларға үлгілер (д, е, ж, з) келтірілген. Мұндай денебітімдер үшін етегі өте кең немесе тік силуэтті аздап кеңейтілген бұйымдар жарасымды. Бұйымның жоғарғы жағы жартылай қынамалы және қынамалы силуэттерде болса денебітім көз- тартарлықтай көрінеді. Нымшаны 55

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==