Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

типологиясын көрсетеді, демек, олардың кеуде айналымдары мен бөксе айналымдарының өлшем белгілері (2-кесте). 48 өлшемдегі әртүрлі толықтықтағы әйел денебітімдерінің сипаттамалары 1 және 4 толықтықтағы әйелдердің денебітімдерінің бөксе айналымы өлшемінде айтарлықтай айырмашылық бар. Демек, әр толықтықтың денебітімдерінің әртүрлі пропорциялары ұсынылатын киімнің силуэттік пішіндеріне ерекше талаптарды қажет етеді. 2 және 3 толықтықтағы әйелдердің денебітімдері бөксе өлшемі бойынша аралық болып табылады және ұсынылатын силуэттік пішіндері бойынша 1 және 4 толықтыққа жатқызылуы мүмкін. 2-толықтықтың денебітімі бөксе айналымы өлшемі бойынша 1- толықтықтың денебітіміне жақын, яғни бұл толықтық үшін 1-толықтықтың денебітіміне ұсынылатын силуэттік пішіндерді қолдануға болады; сондай-ақ 3-толықтық үшін 4-толықтықтың денебітіміне ұсынылатын силуэттік пішіндерді қолдануға болады. 32-суретте 1-толықтықтың денебітімдеріне ұсынылатын киімнің силуэттері (а, б, в, г) көрсетілген және оларға үлгілер (д, е, ж, з) келтірілген. 1-толықтықтың денебітімі салыстырмалы түрде кең иықпен және жіңішке бөксемен сипатталады, мұны оның өлшемдері көрсетеді: кеуде айналымы 96 см-ге бөксе айналымы 100 см-ге тең. Бұл өлшемдер арасындағы айырмашылық 4 см. Мұндай денебітімдерді тұрмыстық жағдайда спорттық және сымбатты денебітімдерге жатқызады. Олар үшін барлық силуэттің киімдерін ұсынуға болады, бірақ оның пішіні даралықты талап етеді. Бұл денебітімдер үшін киім пішімінің пішіні бөксе сызығы бойынша тығыз қыналғаны ұтымдырақ. Белдемшелерде конструктивті бөлшектердің алуан түрлері қолданылуы мүмкін (қатпарлар, ендірме қиықтар, бөлшектерді етегіне қарай кеңейту және т.б.), олар бөксе сызығы бойынша тығыз қыналып және етегі кең болу қажет. Қатпарлар әртүрлі үйлесімде болуы мүмкін, мысалы, айналмалы, аралықтары әртүрлі және түрлі кезекте бола алады. Бірақ етек сызығы бойынша кеңдігі аз болу керек, бұл қатпарлардың бұралып кетпеуі үшін қажет. Етек сызығы бойынша белдемшенің кеңдігі үшін алуан түрлі конструктивті бөлшектерді (годэ, ендірме қиықтар, жеке бөлшектердің кеңейтілуі және т.б.) қолданғанда да бөксе сызығы бойынша тығыз қыналып, етегі аз ғана кең болу керек деген ұстаным сақталады. Ең дұрысы белдемшені артынан және алдынан кеңейткен дұрыс. Бұйымның нымшасы да әртүрлі силуэтте болуы мүмкін, бірақ кең пішінді нымшасы бар бұйымдар денебітімді көзтартарлықтай көрсетеді. Жеңдердің жоғарғы және төменгі бөліктері пішіндерінің көлемі аз әртүрлі пішімдер ұсынылады. Бұл толықтықтағы денебітімдер үшін жеңнің реглан пішімі аз ұтымды болады. 54

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==