Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

алдыңғы бойдың етегіндегі ені кеуде сызығынң еніне қатысты 1,5-2,5 см артады. Алдыңғы бойдың ортаңғы сызығының орны Кеуде сызығы бойынша алдыңғы бойдың ені артуы мүмкін 0,5-0,7 0,5 ­ 0,7 0,5 ­ 0,7 0,5 ­ 0,7 II бөлім ӘРТҮРЛІ СИЛУЭТТІК ПІШІНДЕГІ БҰЙЫМДАРДЫ КОНСТРУКТИВТІ ҮЛГІЛЕУ 1 тарау. Ғылыми мәліметтердің негізінде киімнің силуэттік пішіндерінің дамуы Осы бөлімде әйел көйлегін үлгілеуде қолданылатын бірнеше силуэттік пішіндері қысқаша сипатталған. Киімнің қазіргі силуэттік пішіндері әйел денебітімінің табиғи пропорцияларына жақын, дегенімен, жекеленген киімнің ілгері дамуында халықтың сұранысы толықтай қанағаттандырылып отырған жоқ. Бұл кітап оқырмандардың кең тобына арналған, мұнда кез келген әйелдің жеке өлшем белгілері бойынша негізгі сызбаларды құрастыру үшін барлық материалдар баяндалған. Осындай негізгі сызба бола тұра, өзіңе қандай силуэтті, қандай пішінді бұйымды таңдау керек деген сұрақ туындайды. Әйел денебітімдерінің типологиясы туралы Тігін өндірісінің орталық ғылыми-зерттеу институтының (ТӨОҒЗИ) материалдарына сүйене отырып, біз киімнің силуэттік пішіндерін олардың сәндік бағытының теориялық дамуында емес, әйелдердің типологиясы мен олардың денебітімдерінің пропорцияларына негізделіп, тәжірибелік қолданылуын қарастыруға тырыстық. Яғни, бір өлшемдегі әйел үшін, бірақ әртүрлі толықтықта үлгіні таңдауда тиімді ұсыныстар шартты түрде бір немесе екінші силуэтке жатуы мүмкін, бірақ бұйымның пішіні әртүрлі толықтықтағы денебітімнің өлшем белгілеріне байланысты болады, олардың негізінде кеуде айналымдарының және іштің шығыңқылығы есебімен бөксе айналымының шамалары жатыр. Бұл ұстаным әртүрлі өлшемдегі денебітімдер үшін ұсынылуы мүмкін. Толықтық топтар бір өлшем ішінде денебітімдердің пропорцияларының өзгеруі есебімен әйел денебітімінің ТӨОҒЗИ-мен жасалған жаңа 53

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==