Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

Қызықты көйлекті немесе ансамбльді жасауда стильдің біртұтастығын ұстану өте маңызды, яғни заманауи бұйымды жасауда барлық суретшілік тәсілдер мен техникалық амалдардың біртұтастығына қол жеткізу деген сөз. Стильдің біртұтастығы - бұйымның тағайындалуына, сән бағытына, силуэтіне және оның пішініне, денебітімнің пропорциясына сай болуы. Матаның құрылысы мен суреті әрқашан да бұйымның стилін айқындайды. Егер мата тек бір стильде ғана қолданылмаса, онда көйлектің стильдік ерекшеліктері конструктивті тәсілдермен, әсіресе қосымшалар мен әрлеуіштермен шешіледі. Тұтас конструкцияның жалпы мақсатын шешу үшін қажетті конструктивті бөлшектердің барлығы қандай да бір қызмет атқарғанда, оларды үнемдеу стильдің біртұтастығына әсер етеді. Бұйымның конструкциясындағы әрбір артық бөлшек, артық және кездейсоқ сызық оның құндылығын төмендетеді. Киімді конструктивті үлгілеу, кез келген шығармашылық процесс сияқты нақтылық пен ұқыптылықты талап етеді. Нымшалардың лекалдары жаңа алуан түрлі бұйымдарды жасау үшін негіз бола алады. Бұйымның пішіні лекалдың пішініне (пішіміне) байланысты. Лекал- пішімдерді жасау үшін сызбалады тұрғызады. Нақты есептелген сызбаладың негізінде дұрыс тұрғызылған пішімдер қажетті талаптарға сай бола алады. Сызба динамикалық өзгерістердің және сән бағытының есебімен жазықтыққа жайылған денебітімнің көлемін бейнелейді, және бүкпелердің, сызықтардың, бедерлердің көмегімен матаның жазық бетінде денебітімнің жеке ерекшеліктеріне жауап беретін көлемді пішінге айналады. Бүкпелердің өлшемі және пішіні, бедері адам денесінің пішінімен анықталады. Негізгі сызбада бүкпелер мен бедерлер, әдетте ортаңғы сызыққа қатысты симметриялы сызылады. Ортаңғы сызық көбінесе негізгі жіп бойынша жүргізіледі; ортаңғы сызыққа қатысты симметриялы орналасқан бүкпелер мен сызықтарды жақсы теңестіріп, оңай өңдеуге болады; бүкпелер мен бедерлер әрлеуші, декоративті элементтер болса, мұндай ойдан бас тартады. 2 тарау. Қондырмалы жеңді түрлі пішінді нымшалардағы кеуде бүкпесі Бүкпе әйел киіміндегі маңызды конструктивті элемент болып табылады. Бүкпелердің көмегімен жазық матадан бұйымның көлемді пішінін жасайды. Негізгі сызбаның конструкциясында кеуде бүкпесі иық қиығынан кеуде нүктесіне бағытталған. Мұндай бүкпе негізгі деп аталады. Алдыңғы бойдағы кеуде бүкпесі безеңдірудің әртүрлі элементтерімен алмаса алады: қатпарлар, бүрмелер, бүрдіктер және т.б. 106

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==