Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

Негізгі сызбаның негізінде әйел киімі бұйымдарын конструктивті үлгілеу тәсілімен қолдану үшін, үлгіге сәйкес алдыңғы бойда кеуде бүкпесін кез келшен бағытқа ауыстыру тәсілін білу қажет. Алдыңғы бойдың пішімінде бүкпенің орнын ауыстыру үшін, оның жаңа орнын сызықпен белгілейді, ол сызық міндетті түрде кеуде (негізгі) бүкпесінің ұшымен біріктірілген болу керек. Белгіленген сызық бойынша пішімді қиып, кеуде бүкпені жауып, жаңа орында бүкпені ашады. Қынамалы силуэтті нымшада бүкпе кез келген бағытта орналасып, кез келген қиықтан шығуы мүмкін, бірақ ол міндетті түрде кеуде нүктесінен өту керек. Бір бүкпенің тереңдігі бірнеше бүкпелер арасында таратылуы мүмкін. Жаңа бүкпенің орналасқан орнына байланысты оның тереңдігі негізгі бүкпенікінен аз немсе көп болуы мүмкін, бүкпелердің саны мен олардың орналасқан орнына тәуелсіз бүкпелердің жалпы тереңдігі тұрақты болып қалады. Бүкпелердің орналасатын орнын таңдау үлгіге байланысты. Бұйымның жалпы композициясын бұзбай, алдыңғы бойдағы бүкпелердің сызығы белдемше бүкпелерінің орнымен сай келу керек. Конструктивті шешімде иық қиығынан және бел сызығынан басталған екі бүкпе стандарт болып табылады. Осындай алдыңғы бойы бар нымшалардың кең таралу себебі, олар денебітімді жақсы қынайды және осылай орналасқан бүкпелер мезі көрінбейді. Бүкпелердің ортаңғы сызығын негізгі жіп бағытымен орналастырады, сондықтан біріктіріп тігуде мұндай бүкпелер ауытқымайды. Мұндай нымшадағы бел сызығы арқау жіп бағытымен орналасады және белдемшемен біріктіру кезінде ауытқушылық, қисықтық және созылу болмау керек. Иық қиығынан шығып, бел сызығы бойынша бүкпеге ауысып кететін алдыңғы бойдағы бүкпенің конструктивті шешімі кеуделері үлкен толық әйелдерге арналған. Қынамалы силуэттің нымшасы Бел сызығынан кесілген көйлектер әдетте, қынамалы силуэтті көйлектің негізгі сызбасында жасалады, оның алдыңғы бойында бел сызығында бір немесе екі бүкпе және иық қиығынан шыққан бір кеуде бүкпесі болады. Мұндай көйлектердің нымшасы денебітімді қынайды және бірдей көрінеді, нымшаға сипатты кескін беретін бүкпелер әртүрлі орында орналасуы мүмкін. Жолақ немесе тор матадан тігілген бұйымдарда кеуде бүкпесін қолтық астына ауыстырған дұрыс (63-сурет). Мұндай жағдайда ол матаның суретін аз бұзады, себебі қолтық астында білінбейді. Бел сызығындағы бүкпелерді жұмсақ қатпарлармен немесе бүрмелермен алмастыруға болады, екеуі де нымшаның етегі бойынша матаның суретін бұзбайды. Бел сызығында бір терең бүкпесі бар жолақ матадан тігілген бұйымда өте әдемі көрінеді (кеуде бүкпесі бел сызығына ауыстырылған, 64-сурет). 107

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==