Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

62 сурет Бұйымның жоғарғы жағынан етегіне дейін жүргізілген тік сызықтар бұйымдарды конструктивті үлгілеуде, әсіресе, толық әйелдер үшін кеңінен қолданылады. Пропорционалды орналасқан сызықтар, олардың анықтылығы көз елесін күшейтеді. Сымбатты, әрі бойшаң әйелдердің бойын бел сызығынан төмен өтетін көлденең сызықтардың арқасында кішірейтуге болады. Мұндай әйелдерге костюмдерде ұзын емес жакеттерді, жұмсақ пішінді көйлек-костюмдерді, орташа енді немесе қатпарлы белдемшелермен жемпірлерді, нымша мен белдемшенің түрлі-түсті қарама-қарсы түстерді қолдану ұсынылады. Сән бағытына сәйкес композициялы орналасқан сызықтар денебітімді ұзартады немесе қысқартады, кемітеді немесе арттырады. Яғни, сән ұсыныстарымен танысып, өзіннің талғамы мен бейнеңе сай келетін ұсынысты тауып іріктеу керек. Жаңа бұйымды дайындауда, оның бөлшектері үлкен рөл атқарады, себебі сән - тек киімнің силуэті, пішімнің пішіні, матасы ғана емес, сонымен қатар бөлшектер, әрлеуіштер, әшекейлер, костюмнің қосымшалары, бұйымды өңдеу жолы. Бөлшектер киімді түрлендіреді, оның стилін жасап, ең бастысы әйелге өзінің жекешелігін айқындай түсуге көмектеседі. Сонымен қоса бөлшектер киімнің тағайындалуын да анықтайды. Бөлшектің сипатына байланысты киімдер күнделікті немесе сәнді болып көріне алады. Бөлшектер бұйымның стильдік сипатын анықтайды - спорттық, классикалық, романтикалық. Бөлшектердің және олардың пішіндерінің көмегімен (жағалар, мойын ойындысының ойындысы, шарфтар және басқа конструктивті элементтер және қосымшалар) әйел сырт келбетінің тартымдылығына көңіл аудартуға болады. 105

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==