Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу
III бөлім ИЫҚ ЖӘНЕ БЕЛ БҰЙЫМДАРЫН КОНСТРУКТИВТІ ҮЛГІЛЕУ 1 тарау. Өзін үшін киімді конструктивті үлгілеу тәсілінің мағынасы Киімді үлгілеу - бұл үлгінің көркемдік-бейнелік шешімін іздеуде, оның суретін жасауға негізделген шығармашылық процесс. Көйлектің жаңа үлгісін таңдауда - күрделі және қиын шығармашылық процесс. Сән журналдары мен көптеген оқу құралдарға қарамастан, көп ұсыныстардың ішінен өзін үшін жаңа көйлектің үлгісін таңдау оңай емес. Сонымен қатар өзіннің жеке бейнеңді, өзіннің денебітіміннің құндылықтары мен кемшіліктерін түсіну өте маңызды. Сәннің көп бейнелі ұсыныстарының ішінен сізге ғана жарасатынын таңдай білген жөн. Конструктивті үлгілеу шексіз шығармашылық процесс болып табылады. Кезеңмен конструктивті үлгілеу бұйымның негізгі сызбасының, оның жеке пішімінің негізінде жүргізіледі және суретпен бейнеленеді. Негізгі бұйымдардың конструкциялануы мен конструктивті үлгілеудің барлық кезеңдерін мұқият зерттеген соң ғана, барлық ассортимент түріндегі жеңіл киім бұйымдарын конструктивті үлгілеуге көшуге болады. Дұрысында, «өзін үшін көйлек» - жаңа көйлекті іздеу, оны жетілдіру сияқты шығармашылық процесс басталады. Бұйымның әсемдігі мен оның қазіргі замандығы көбінесе силуэтімен және оның пішінімен анықталады. Бұйым пішінінің құрылымы жинақы болу керек, оған бұйымға қатысты оның жеке бөлшектерінің негізінен шамалас, пропорционалды үйлесімімен қол жеткізеді, яғни әйелдің денебітімі мен оның жалпы бейнесіне қатысты басты элементтерге қосалқы элементі бағынады. Сонымен қатар, көзбен қабылдау заңдарына сәйкес пішімнің тәсілдерімен және сән бағытының пропорциональды шешімдерімен денебітім оптикалық өзгертілген болып қабылдануы мүмкін. Мысалы, бұйымның силуэтін жасайтын бел айналымы өлшемі мен оның орналасу деңгейі негізгі факторлар болып табылады, көзбен қарағанда, біз көйлектің ұзындығын бел деңгейіне қарап анықтаймыз, ол оның деңгейі жоғарлатылған немесе төмендетілген болуы мүмкін. Бел сызығы деңгейіне байланысты бұйымның силуэті мен оның пішінінің пропорционалды бөлшектенуі өзгереді. Жоғарлатылған бел сызығы денебітімді ұзартады, ал бел сызығы төмендетілген немесе нымша мен белдемше қатысты тең бөлінген көйлек денебітімді кең және төмен көрсетеді (62-сурет). Бүкпелермен, ал кейде алдыңғы бой мен артқы бойдағы бедер сызықтармен толық сәйкескен бүкпелермен айқындалған бел сызығы денебітімді биік және сымбатты көрсетеді, себебі бүкпелер арасына енгізілген белдің ені оның орталық бөлігі бойынша қабылданады. Бедер сызықтардың иық қиыққа дейін ұзаруы көзбен қарағанда иықтың кеңеюінің арқылы жіңішке бел сызығын одан әрі күшейтеді. 104
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==