Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу
Жеңнің төменгі бөлігімен тұтас пішілген қолтыққа қойылатын қиықты екі бұрышын өңдеуден құтылу немесе жеңге тіп-тік қалып беру үшін қолданады. Жеңнің қиылған төменгі бөлігі қолтыққа қойылатын қиықсыз оның қиғаштық бұрышын арттыруға және иық қиығын созу қажеттілігінен құтылуға, сонымен қатар жеңге басқа ені мен пішінін келтіруге мүмкіндік береді. АН және А 1 Н 1 штрихты сызықтары (60, а, в-суреттер) бойынша жеңдердің төменгі бөліктерін кеседі және оларды А және А 1 , С және С 1 нүктелерінде біріктіреді. 60 сурет Қолтыққа қойылатын қиық сыртқа айналып шығып кетпес үшін жеңнің төменгі бөлігінің ені төменгі етек жақта (НН 1 кесінді) қолтыққа қойылатын қиықтың ені А және А 1 нүктелері арасында кем болу керек. Төменгі бөліктің ұзындығы жеңнің негізгі ұзындығына байланысты. Қолтыққа қойылатын қиығы жоқ тұтас пішілген жеңді бұйымдарда қолды көтеру мүмкіндігі қолтық ойындысы астында түзілген бұрыш есебінен жасалады. Неғұрлым бұл бұрыш үлкен болса, соғұрлым қолдың астында 101
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==