Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу
қатпар көбірек түзіледі. Сондықтан мұндай бұйымдарды жұмсақ жатып, әдемі күлтеленетін жеңіл маталардан тігу ұсынылады. Сырттан қарағанда мұндай жеңдердің конструкциясы қарапайым; оларды сызу үшін I кезеңде алынған сызбаға өзгертулер енгізу қажет. Сызбаны тұрғызу ұстанымы қолтық асты бұрышын өзгертуге байланысты емес, тек бөліктердің шамасы ғана өзгереді. Жең мен нымшаны біріктіретін әдемі сызықтың орны мен ұзындығы қолтық асты бұрышының шамасына байланысты. Қолтыққа қойылатын қиығы жоқ тұтас пішілген жеңді нымшалардың сызбасын тұрғызудың негізгі кезеңдері: 1. Артқы бойдың сызбасын (59, а-сурет) ПГ сызығы бойынша қияды және қолды еркін көтеру үшін оны қажет шамаға ашады. 2. Г және Г 1 нүктелерін біріктіреді (61, а-сурет). 3. Бөлшектерді ашу кезінде пайда болған бұрышта биссектрисаны штрих сызықпен жүргізеді. 4. Осы биссектрисадағы О 1 нүктесінен ГГ 1 кесіндісіне тең О 1 О 2 кесіндісін белгілейді. 5. О 2 нүктесінен О 1 О 2 кесіндісіне перпендикуляр шығарып және оны бүйір қиықтармен Г 2 нүктесінде қиылысқанша созады. 6. Жеңнің шынтақ қиығындағы Г 1 нүктесінен ГГ 2 кесіндісіне тең Г 1 Г 3 кесіндісін сызады. 7. Г 3 және О 2 нүктелерін түзу сызықпен біріктіреді және осы кесіндіде Г 2 О 2 кесіндісіне тең Г 3 О 3 кесіндісін өлшейді. 8. Жеңнің төменгі қиығының қисық бөлігін сызған кезде О 2 О 3 кесіндісі негізгі болып табылады. Оны безеңдіру үшін бүйір қиықтағы 2 нүктені, О 2 , О 3 нүктелерін және жеңнің төменгі қиығындағы 3 нүктесін пішінді лекал көмегімен байсалды қисық сызықпен біріктіреді. 2, 3 нүктелердің орны қолтыққа қойылатын қиықтың тереңдігіне байланысты таңдалуы мүмкін. Алдыңғы бойдың сызбасы да (61, б-сурет) артқы бойдың нымша сызбасы сияқты тұрғызылады. 102
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==