Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

Одан кейін қолтыққа қойылатын қиық үшін тіліктердің орнын анықтайды. Олар жең мен бүйір қиық арасындағы бұрыштардан басталып, П 3 П 3 және П 6 П 6 осьтік сызықтарынан шықпау керек, П 3 П 3 және П 6 П 6 кесінділердің % бөлігіне П 3 және П 6 нүктелерінен алшақ тұратын А 1 және А нүктелерінде аяқталу қажет. Тіліктер сызығынан екі жақтан тігіс сызығын жүргізеді, олар қолтыққа қойылатын қиықтың сызбасын сызу үшін негізгі сызық болып табылады (алдыңғы бойды АС және АВ, артқы бойда А 1 С 1 және А 1 В 1 сызықтары). 59 сурет Қолтыққа қойылатын қиық ромб түріндегі пішінде бола алады. Оның ені жеңнің нымшаға ену шамасына, ал ұзындығы - тілік сызығына байланысты. Ромб түріндегі қолтыққа қойылатын қиықты алдыңғы бойдан бастайды, себебі ол артқы бой жаққа қарағанда алдыңғы бой жақтан кең болады және А мен А 1 нүктелерінде тігіс қосымшасының орнын толтыра алады (60, а, б- суреттер). Қолтыққа қойылатын қиықты дұрыс сызу үшін бүйір қиықты жоғары жалғастырады. А нүктесінен оған перпендикуляр түсіреді. ОАВ тік бұрышты үшбұрыш алады, оның ауданы қолтыққа қойылатын қиықтың %-не тең (60, б-сурет). 100

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==