Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу
нүктесін иық қиығының П 2 нүктесінде сәйкестендіру үшін кеуде нүктесі ендігінің кемуі есебінен қолтық ойындысын 2-3 см-ге ұзартады. 58 сурет I кезеңде алынған сызба қолтыққа қойылатын қиығы бар және жоқ жеңдердің пішімін, реглан пішімін, терең декольтесі бар кең бұйымдарда тік сызықты жартылай реглан жасау үшін негіз бола алады. II кезең - қолтыққа қойылатын қиығы бар жеңнің сызбасын тұрғызу. Қол түсіріліп тұрғанда жең қондырмалы жеңге ұқсайтындай, I кезеңде тұрғызылған жеңнің көлбеу бұрышын өзгерту қолтыққа қойылатын қиығы бар тұтас пішілген жеңнің сызбасын тұрғызу ерекшелігі болып табылады. Ол үшін алдыңғы бой мен артқы бой жеңдерінің сызбасын ПГ және П 2 Г 2 сызықтары бойынша қияды (59-сурет) және бөлшектерді қолтық астындағы нымшаға; иық қиығында иық қиығын ұзарту үшін бүкпе ашылады (ПП 1 =1,5-2,5 см). Жеңді айналдыру арқылы ең алдымен артқы бойдың жеңнің көлбеу бұрышын өзгертеді. П 1 Г 1 сызығы П 3 П 3 сызығының ортасында қиылысу керек. Алдыңғы бойдың көлбеу бұрышын өзгерту үшін алдыңғы бой мен артқы бойдың бүйір және иық қиықтарын теңестіру қажет. Алдыңғы бойдың иық қиығында ашылған бүкпе ендігі артқы бойдың иық қиығындағы бүкпе ендігінің шамасымен теңесу керек, яғни П 2 П 4 =ПП 1 . Бүйір қиықтарды бел сызығынан бастап теңестіреді. 99
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==