Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

Тұтас пішілген жеңді бұйымдар Қазіргі уақытта сән жұмсақ нымшалы бұйымдарды ұсынады. Осыған байланысты тұтас пішілген жеңдері бар нымша пішімдері ерекше мәнге ие болуда. Олар жеңдерінің ендері мен ұзындықтары әртүрлі бұйымдардың көптеген ассортименттерінде қолданылады. Тұтас пішілген жеңді көлемді, толық пішінді нымшалар сәнді бұйымдар үшін ұсынылады. Бұйымның тағайындалуы мен матаның түріне байланысты жеңдер қолтыққа қойылатын қиықпен немесе қиықсыз болуы мүмкін. Әртүрлі пішінді және өлшемді қолтыққа қойылатын қиық көбінесе күнделікті киілетін бұйымдарда қолданылады. Кейде қолтыққа қойылатын қиық жеңнің төменгі бөлігіне өтеді. Жеңдер ұзындығы бойынша жіңішке болғанда немесе түсірілген қол кезінде, яғни қолтық астындағы аздаған қыртыстар болғанда функционалды қондырмалы жеңдерге ұқсас болу қажет кезде жеңдерді қолтыққа қойылатын қиықпен пішеді. Сәнді көйлектерде қолтыққа қойылатын қиық әдетте болмайды. Мұндай үлгілерде қолдың қозғалысын қамтамасыз ету үшін жең, алдыңғы бой мен артқы бой бөлшектерінің арасында сәйкес бұрыш жасалады, ол қол көлденең қалпында еркін жылжуына әсер етеді. Осы жағдайда қол түсірілген жағдайда қолтық астында жұмсақ күлтелер пайда болады. Егер бүрмелер, бүкпелер және т.б. тәсілдерді қолдану нәтижесінде бұйымның жоғарғы бөлігінің пішіні толтырылған болса, онда мұндай пішімнің нәтижесі оң болады. Тұтас пішілген жеңнің сызбасын реглан пішімді жең сызбасын тұрғызу ұстанымы бойынша кез келген силуэтті қондырмалы екі тігісті жеңді бұйымдардың негізгі сызбасы негізінде тұрғызу ұсынылады, бірақ қолдың қозғалысын қамтамасыз үшін сәйкес өңдеу тәсілі таңдалады. Тұтас пішілген жеңдер дербес бөлшектер болып есептелмейді, сондықтан сызбаны сызу кезінде қолдың көтерілуін қамтамасыз ету қажет, ол екі тәсіл арқылы жасалады: сызу кезінде ортаңғы тігіс бойынша көлденең жағдайға дейін жеңді түзету және қолтыққа қойылатын қиық сызу. Жеңімен тұтас пішілген нымшаны тұрғызу екі негізгі кезеңде жасалады. I кезең - жеңді қолтық ойындысымен сәйкестендіру. Жеңімен тұтас пішілген нымшаны артқы бойдан бастау керек. Ол үшін пішімде ең бірінші жең түбінің биік нүктесін иық қиығының соңымен П нүктесінде сәйкестендіру қажет (58, а- сурет). Жең түбінің төменгі нүктесі қолтық ойындысынан 2,5-3 см-ге төмендейді және Г нүктесінде бүйір қиықпен сәйкеседі. Артқы бойда П 3 нүктесін жеңдегі П 3 нүктесімен біріктіру сызығы, сонымен қатар П және Г нүктелерін көмекші болып табылады, олардың көмегімен әртүрлі пішінді тұтас пішілген жеңдері бар нымшалардың пішімдерін алуға болады. Жеңді алдыңғы боймен сәйкестендіру кезінде алдыңғы бой мен артқы бойдың бүйір қиықтарын теңестіріп, және артқы бойдағы Г нүктесі сияқты бүйір қиықтың жоғарғы нүктесінен осындай арақашықтықта орналасқан Г 2 нүктесімен жеңнің төменгі бөлігін сәйкестендіру қажет. Жең түбінің жоғарғы 98

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==