Стр. 176 - ДЛЯ ППС

Упрощенная HTML-версия

Ет және балық ӛнімдерінің технологиясы
Практикалық жұмыс № 9-10
Тақырыбы «Ішек-қарын шикізатын ӛңдеудің технологиялық
сызбасының анализі»
Жұмыстың мақсаты
: тақырып бойынша теориялық материалды
бекіту; мүмкін техникалық қайта қарулану кезінде, технологиялық үрдісті
жақсарту үшін ұсыныстар беруді үйрену.
Ішек-қарын цехтерінде шұжық қабықшасы, яғни табиғи қабықша
ретінде жасалатын шикізат ӛңделеді. Қабықшалар жақсы технологиялық
сипаттамаларға ие, жоғары булы және газды ӛткізгіш қасиеті бар және
шұжық ӛнімдеріне әдемі тауарлық түрді қамтамасыз етеді. Кейбір ет
ӛнімдері үшін, мысалы шикідей қақталған және шикідей кептірілген
шұжықтар үшін олар ең жақсы қабықша болып табылады, себебі олар
кептіру кезеңінде ӛнімнің біркелкі ылғалсыздануына себептеседі, сондықтан
ішек-қарын шикізатының ӛңдеу технологиясы маңызды және заманға сай
болып табылады.
Ішектің ӛндірістік ӛңделуіне әр малдың түрінен жинақ түрінде келіп
түседі. Ішек жинағы деп ӛндірістік жағдайда ішек және басқа да ас қорыту
жүйесінің бӛлшектерін айтады, олардың ӛзіндік ӛндірістік мақсатта
қолданылады. Ішек жинағы тік және тоқ ішектен, ӛңештен және де қуықтан
құралады. Ішек жинағын ӛндірістік атауға ие бӛлшектерге бӛледі.Әр түрлі
малдардың ішек жинағы 5-7 суреттерде кӛрсетілген.
Ішектерді ӛңдеу кезінде мынадай терминдер қолданылады:
Отока
– ӛндірісте шажырқаймен байланысқан босатылмаған ішекті
айтады.
Шажырқай
– кӛк еттің қатпары болып табылады, ол негізінен майдан және
екі ұйыма жапырақтарынан құралады, ол жерде ішек пен қуық омыртқаға асылған.
Ссурет 6
Сиырдың ішек қабықшаларының өндірістік аталуы