Ет және балық ӛнімдерінің технологиясы
Бөлу
. Ет ұшасының әр бӛлігінің тағамдық құндылығы әртүрлі. Қазіргі
уақытта бӛлудің бірнеше әдістері бар. Бӛлуді ЛС-80-2 ленталы арамен
жүргізеді: екінші және үшінші арқа омыртқаларынан бӛледі.
Белдеме бӛлігін келесі әдіс бойынша : алдыңғы бӛлігін – сызық
бойынша; артқы бӛлігін – бесінші және алтыншы қабырға бойынша; астыңғы
бӛлігін – қабырғаның астыңғы бӛлігінен белдеме-иық буынына қарай бӛледі.
Белдеме бӛлігіне бес мойын омыртқасы, арқа омыртқалардың тӛртеуі ,
бесінші омыртқаның жартысы (қабырғаларымен бірге) және белдеме сүйегі
кіреді.
Иық бӛліміндегі үстіңгі сызық – белдеме-иықтық буыны дәрежесінде
ӛтеді; астыңғы сызық – рулька ортасының кесілу бағыты бойынша ӛтеді. Ет
ұлпасын кесе отырып, иық бӛлігін бӛліп алады. Иық бӛлігіне иық, рулька
жартысы және шынтақ бӛлігінің жартысы кіреді.
Алдыңғы аяғын рулька және шынтақ сүйегінің ортасынан, ӛтетін еніне
бағытталған линия бойынша кесіп алады. Аяқ бӛліміне шынтақ және рулька
бӛліктерінің астыңғы жарты бӛліктері кіреді.
Тӛстік бӛлімін соңғы қабырғаның жарты бӛлігінен белдеме-иық
буынына дейінгі жерден және он бірінші және он екінші қабырғалар арасын
қосатын түзу сызық бойынша бӛліп алады. Тӛстік бӛліміне сіңірлерімен бірге
тӛс сүйегі және қабырғаның астыңғы жарты бӛлігі кіреді.
Арқа бӛлімін былай бӛледі: алдыңғы арқа бӛлімі – белдеме бӛлімін
бӛлу линиясы; артқы арқа бӛлімі – он бірінші және он екінші қабырға арасы;
астыңғы арқа бӛлімі – тӛстік бӛлімін бӛлу линиясы.
Арқа бӛліміне белдеме бӛлімін бӛлу линиясы бойынша
қабырғаларымен бірге алынған алты арқа омыртқалары (алтыншыдан он
біріншіге дейін) және бесінші омыртқаның жартысы кіреді.
Пашнинаны үш линия бойынша : үстіңгі бӛлімі – тізе буынынан соңғы
қабырғаның астыңғы үштен бір бӛлігіне қарай бағытталған; алдыңғы бӛлімі –
он бірінші және он екінші қабырғалар арасын қосатын түзу сызық бойынша
бағытталған; артқы бӛлімі – жамбас бӛліміне қосылатын жеріне бағытталған
линия бойынша бӛледі.
Пашнинаға он екінші және он үшінші қабырғалардың астыңғы үштен
бір бӛлігі кіреді.
Артқы бӛлігін былай бӛледі: алдыңғы – он бірінші және он екінші
қабырға арасы; астыңғы – пашнинаны бӛлу линиясы; артқы – артқы аяқты
бӛлу линиясы.
Артқы бӛліміне сонымен қатар қабырғасымен бірге соңғы екі омыртқа,
бел омыртқасы, крестец, екі құйрық омыртқасы және жамбас сүйегі кіреді.
Артқы бӛлімін бел омыртқасы, оковалок, кострец және огузок деп
бӛледі.
Бел омыртқасы – сүбе – соңғы және оның алдыңғы бел омыртқасы
арасында орналасқан. Оған он екінші және он үшінші қабырғалардың үстіңгі
бӛлігі, екі соңғы бел омыртқалары және бастапқы бес арқа омыртқалары
кіреді.