Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жариялауға қүқылы смес. Күдікті, айыпталушы, сотталушы іс бойынша іс жүргізудің кез келген сәтінде қорғаушыдан бас тар- туға қүқылы. Адвокаттар азаматтық істер бойынша да өкілдер болуы мүмкін. Адвокаттың нақты іс жүргізуге өкілеттігін заң консульта- циясы немесе адвокаттық кеңсе беретін ордер растайды. Сотта іс жүргізуге өкілеттік барлық іс жүргізу әрекеттеріне қа- тысуға, істі аралық сотқа беруге, талап арыздан толықтай не- месс жарым-жартылай бас тартуға және талапты мойындауға, талаптың затын немесе негізін өзгертуге, бітімгершілік келісім жасауға, өкілеттіктерді басқа адамға беруге, сот қаулысына, сот қаулысын мәжбүрлеп орындау талабына, берілген мүлікті немесе ақшаны алуға қүқық береді. Өкілдің осы көрсетілген әрекеттер- дің әрқайсысын жасауға өкілетгігі сенімхатта арнайы көзделеді. Адвокаттың азаматтық істегі де, қылмыстық істегі де жұмысы- ның акырғы кезеңі - сот жарыссөзі. Адвокаттың жарыссөздегі сөзі оның жүмысының қорытындысын шығарады. Сөйлеудегі негізгі мақсат - өзінің дұрыс айтып тұрғандығына сотты сендіру, сотты өзіне сенім білдірушінің пайдасына шешім шығаруға көндіру. Қүқық қорғау жүйесінің бір бөлігі ретінде адвокатура жеке және занды түлғалардың күкыктары мен заңды мүдделерін кор- ғауға, құқықтық мәдениеттің нығаюына қызмет етуге және құ- кықтың барлық субъектілерінің қүқықтық санасын заң талапта- рын қатаң сақтауға бағытталады. Бакылау сұрактары: 1. Адвокатураның тәуелсіздігі заң бойынша қалай қамтамасыз стіледі? 2. Адвокат және оның құқыктық мәртебесі қандай. Адвокатураның ұйым- дық құрылымы қай заңмен белгіленген? 3. Адвокаттар құқык мәселелсрі бойынша заң көмегін қалай көрсетеді?

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==