Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
сыз қүқықтар мен фактілерді куәлендіру, құжаттарды, олардан үзінділерді куәлендіру, қүжаттарға атқарушылық күш беру жә- не заңда белгіленген басқа да әрекеттерді белгіленген тәртіпте орындау жүктелген органдар мен лауазымды адамдардың жүйесі. Қазіргі нотариат қүқықтық инфракүрылымның бір бөлігі, ол азаматтық айналымның түрақтылығы мен заңдық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамдағы нотариаттың міндеті же- кеменшік пен даусыз азаматтық қүқықтың қорғалуын, сондай-ақ азаматтық айналымның барлық қатысушыларыньщ қүқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету. Күнделікті өмірде азаматтар, өздерінің конституциялық қүқықтарын пайда- лана отырып, бір-бірімен немесе әртүрлі үйымдармен әртүрлі қү- қықтық қатынастарға кіреді. Бұл қатынастар, әдетте, шарт жасасу арқылы ресімделеді. Азаматтар мен занды түлғалардың қүқықта- ры мен мүдделерінің сақталуына кепілдікті қамтамасыз ету үшін мемлекет шарттардың кейбір түрлері куәлендірілгеннен кейін та на күш алатындығын белгіледі. Нотариалдық қызметтің бірыңғай стандарттарын пайдала- ну үлттық экономикалардың ашықтығын, елдің инвестициялық тартымдылығын көтеруге, халықаралық айналымды жеңілдетуге мұмкіндік берді, соның нәтижесінде елдің халықаралық қоғам- дастыққа күқыктық және экономикалық бірлесуіне жағдай туады. Мемлекеттің әділқазылық саласындағы жауапкершілігі тек дауларды шешумен шектелмейді, нотариат институты арқылы қүкықтық қақтығыстардың алдын алады. Сондықтан да нотари- аттың негізгі функциясы шарт жасаушы адамдардың позицияла- рында туындауы мүмкін барлық қайшылықтардан арыла отырып, азаматтық құқықтық қатынастарда қақтығыстардың болмауына қол жеткізеді. Нотариус жасалатын әрекеттердің зандылығын қамтамасыз ете отырып, азаматтық салада қүқықтық тәртіптің қалыптасуына жағдай тудырады, әділетсіздіктің жолын кеседі. Нотариалдық органдарды ұйымдастыру және олардың қыз- меті 1997 жылғы 14 шілде де қабылданған «Нотариат туралы» заңға, Азаматтық кодекстің нормаларына, Қазақстан Республика- сы бекіткен халыкаралық шарттарға, нотариалдық қызметтерді реттейтін өзге де заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. Қолданыстағы заң нотариусқа, бір жағынан, тәуелсіздік және көптеген өкілеттік береді, ал, екінші жағынан, бірқатар шектеу- 547-15 221
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==