Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

- нотариустарды оқытуды ұйымдастырады; - нормативтік қүқықтық актілерді әзірлеуге қатысады және нотариат мәселелері бойынша әдістемелік материалдарды әзірлейді; - нотариустың Ар-намыс кодексін әзірлейді және бекітеді; - заңнамаға және халықаралық шарттарға қайшы келмейтін өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады. Республикалық нотариаттық палата өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Заңнамасымен және РНП Жарғысымен нақты анықталған. Республикалық нотариаттық палата бюджеті респуб- ликаның әрбір аумақтық нотариаттық палатасы төлейтін мүшелік жарналар есебінен құрылады. Нотариалдық іс жүргізу Әділет министрлігі мүрағаттар мен қүжаттарды басқарудың уәкілетті мемлекеттік органымен келісе отырып бекітетін нотариалдық іс жүргізу жөніндегі Нұсқаулық- қа сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік нотариустардың құ- жаттары міндетті түрде мемлекеттік мұрағатқа өткізіледі, ал жеке нотариустардың құжаттары заңда белгіленген тәртіпте жеке но- тариалдық мұрағатқа өткізіледі. Нотариалдық округ Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумактык бөліністеріне сәйкес белгіленеді, оған бір облыстың, республика деңгейіндегі қаланың және ауданның аумағы алына- ды. Мемлекеттік нотариустың нотариалдық округ шегіндегі кыз- мет аумағын аумақтық әділет органы анықтайды. Жеке нотариус- тын нотариалдық округ шегіндегі қызмет аумағын аумақтық әді- лет органы Нотариалдық палатамен бірлесіп анықтайды. Мүлде жаңа кәсіби қоғамдастык - Нотариалдық палаталар Қазақстанда бюджеттен тыс нотариаттар пайда болған соң қүрылды. Ондағы мақсат жеке нотариустарды кәсіби негізде біріктіру және олар- дың қызметін үйлестіру. Әр облыстың, республикалық дәреже- дегі қаланың, астананың аумағында бір Нотариалдық палата құ- рылады, ол заңды тұлға болып табылады және занда белгіленген тәртіпте тіркелуге жатады. 14.2. Нотариустың қүқығы, міндеті және жауапкершілігі Нотариат дегеніміз, азаматтар мен занды түлғалардың қү- қықтары мен мүдделерін заң жүзінде бекітуге бағытталған, дау- 220

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==