Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

12-тарау ҚЫЛМЫСТАРДЫ АЙҚЫНДАУ ЖӘНЕ ТЕРГЕҮ ОРГАНДАРЫ 12.1. Тергеу органдары институтының қалыптасуы Әр мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтық- ты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, эконо- миканың, мәдениеттің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес. Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдарының, мемлекеттік ор- гандарының, олардын лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгілейді, оның үстіне өзі қабыл- даған зандарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, зандардың талаптарын бүзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады. Мемлекет мұндай қызметті, яғни заңдар та- лаптарынан ауытқуларға жол бермеу үшін қылмыстарды ай- қындайтын жэне тергейтін органдарды белгілеген. Патшалық Ресейде сот реформасына дейін тергеу жүргізетін адамдар мен органдар ауқымы кең болды. 1864 жылғы сот ре- формасынан кейін торт заң шықты: «Сот тағайындауларын ку ­ ру», «Қылмыстық сот ісін жүргізу жарғысы», «Азаматтық сот ісін жүргізу жарғысы» және «Бітім соттары тағайындаған жаза- лар туралы Жарғы». Алдын ала тергеуге сот қызметінің сипатын беру сот реформасын жүргізудегі негізгі ережелердің бірі болды. Тергеушілер сот ведомствосының күрамына, округтік соттардың қарамағына берілді. Қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу жергілікті судьялардың өздеріне жүктелді. Революция- лық трибуналдардың соттауына жататын істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу үшін айрыкша тергеу комиссиялары қүрылды. Жалпы соттар қарайтын істер бойынша алғашқы анықтау по- лицияға қалдырылды, олар прокурорлардың қадағалауында бол ­ ды. Анықтаудың іс^жүргізу құжаттарында дәлелдемелік қуат бол- мады, олар заңға сәйкес полиция шендері тергеушіні алмастыр- 184

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==