Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
зақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет қағидаттарына және құқық қорғау қызметінің арнаулы қағидаттарына сәйкес жү- зеге асырылады. Ішкі істер министрлігі ішкі істер органдарының біртұтас жүйесін баскаратын Қазақстан Республикасының орталық атқа- рушы органы болып табылады. Оны Қазақстан Республикасы- ның Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан бо- сататын Ішкі істер министрі басқарады. Министр Қазақстан Республикасының Президенті алдында Ішкі істер органдарының қызметі туралы есеп береді, өз мини- стрлігінің атынан Ішкі істер органдарының орындауы үшін мін- детті қүқықтық актілер, өз қүзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдардың, жеке және заңды түлғалардың орындауы үшін мін- детті нормативтік қүқықтық актілер шығарады. Ол өзінің орынба- сарларына, Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволардың, аумақтық органдар мен ведомстволық бағы- нысты үйымдардың басшыларына өкілеттіктер берсді және мсм- лекеттік органдар мен халықаралық үйымдарда Ішкі істер мини- стрлігі атынан өкілдік етеді, халықаралык шарттарға қол қояды. Ішкі істер органдарының біртүтас жүйесін полиция, қыл- мыстык-атқару жүйесі, әскери-тергеу органдары, Ішкі әскерлер құрайды. Полицияны криминалдык полиция, әкімшілік поли- циясы, тергеу, анықтау бөлімшелері және өзге де бөлімшелер қү- райды. Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінен, ведомстволардан, аумақтық органдардан, сондай-ақ Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардан тұрады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, көліктегі Ішкі істер департаментте- рі, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, желілік Ішкі істер органдары, әскери-тергеу органдары аумақтық органдар болып табылады. Криминалдық полиция ұйымдасқан қылмысқа, экстреми- змге, есірткі, психотроптык заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі бөлімшелерден, жедел-іздес- тіру қызметін жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерден түрады. Әкімшілік полициясы полицияның учаскелік инспекторла- ры, кәмелетке толмағандар істері, әйелдерді зорлық-зомбылық- тан қорғау, азаматтық және қызметтік қару айналымы саласында- 169
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==