Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

11 -та pay ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ 11.1. Ішкі істер органдарының негізгі құрылымы мен міндеттері Тәртіпті және адам, қоғам, мемлекет қауіпсіздігін қорғауда Іш- кі істер органдары құқық қорғау органдарының арасында басты рөл атқарады, олар қылмысты айқындаумен, оның алдын алумен және жолын кесумен байланысты ұлан-ғайыр жұмыс атқарады. Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандық- тарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және қо- ғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған құкық қорғау ор ­ ганы болып табылады. Ішкі істер органдары атқарушы биліктің Қазақстан Респуб- ликасының заңдарына сәйкес анықтауды, алдын ала тергеуді және жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын арнайы мемле- кеттік органдары болып табылады, олар, сонымен қатар, қоғам- дық тәртіпті қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың қүқығы мен бостандығын, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қастандық әрекеттердің алдын алу және жолын ке- су функцияларын да атқарады. Қүқық тәртібін қорғау және қыл- мыскерлікпен күрес қандай мемлекеттің болмасын өз билігін ны- ғайтудағы басты міндеті. Ішкі істер органдары қызметінің қуқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасы- ның ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірде қабыл- данған Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік қүқықтық актілері құрайды. Егер Қазақстан Республикасы рати- фикациялаған халықаралық шартта осы Занда қамтылатын қағи- далардан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолдайылады. Ішкі істер органдарының қызметі Қа- 168

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==