Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

жөнінде ұсыныстар әзірлейді және де республика прокуратура органдарының заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі жұ- мысын бақылайды. Облыстардың прокуратураларына және оларға теңестірілген прокуратураларға Республика Президентінің келісімімен респуб- ликаның Бас Прокуроры бес жыл мерзімге тағайындайтын тиісті прокурорлар басшылық етеді. Облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары, аға көмекшілері мен көмекшілері болады. Облыстардың прокурорларының орынбасарлары облыстық про- куратуралардың тиісті басқармаларының бастықтары болып та- ғайындалуы мүмкін. Облыстардың прокуратураларында және оларға теңестірілген прокуратураларда басқармалар мен бөлімдер болады. Басқарма- лар мен бөлімдердің бастықтары тиісінше облыстар прокурорла- рының аға көмекшілері және көмекшілері болып табылады. Бас- қармалар мен бөлімдерде аға прокурорлар мен прокурорлардың лауазымдары белгіленеді. Қалалық, аудандық және оларға теңестірілген прокуратура- ларға республиканың Бас Прокуроры бес жыл мерзімге тағайын- дайтын тиісті прокурорлар басшылық етеді. Қалалық, аудандық және оларға теңестірілген прокурорлар қалалық, аудандық және оларға теңестірілген өзге де прокуратуралардың прокурорлық қа- дағалауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметіне басшылық жасай- ды және бағынысындағы барлық қызметкерлер мен жүмыскерлер үшін міндетті бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулар шығарады. Қазакстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірде «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары- ның жүйесін әрі қарай реформалау жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен Ішкі істер министрлігі мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің статистикалық қызметтерінің негізінде Қү- қықтық статистика және ақпарат орталығы кұрылды. Кейін, Қа- зақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы Жарлығымен бұл Орталықтың негізінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика жэне арнайы есеп жөніндегі Комитеті қүрылды. Комитет Бас прокуратураның күзыреті шегінде құқықтық статистиканы калыптастыру және арнайы есеп жүргізу, сондай- 141

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==