Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

қадағалау қызметін және олардың денсаулығын қамтамасыз ету үшін басқа қажетті шаралар қолдануға міндетті. Прокурор өзінің жүргізуіндегі істер немесе материалдар жа- йында қандай да бір түсінік беруге, сондай-ақ заңда көзделген жағдайлардан басқа реттерде оларды танысуы үшін басқа біреуге беруге міндетті емес. Ол істер немесе материалдар аяқталғанға дейін прокурордың рүқсатынсыз оларды жария етуге ешкімнің қүқығы жоқ. Прокурордың өз қүзыреті шегінде берген тапсырмасы алдын ала анықтау және тергеу органдары үшін міндетті. Талап етілген ақпарат прокуратура органдарына заңда белгіленген формада жә- не тәртіпте, сондай-ақ прокурор белгілеген мсрзімде беріледі. Прокурорлар өз қүзыреті шегінде мемлекеттік органдардың, меншік формасына қарамай кез келген үйымның ғимарат-жайла- рына тосқауылсыз кіруге, кұжаттар мен материалдарды тексеруге және алу мәселесіне байланысты олардың басшылары мен лауа- зымды адамдарының кешікпей қабылдауында болуға, тікелей соттың жүргізуіндегі материалдардан басқа сот істерімен таны- суға және оларды соттан сүратып алуға қүқылы. 9.2. Прокуратура органдарының жүйесі және құрылымы Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарының біртұтас жүйесін Бас прокуратура, облыстардың прокурату- ралары, республикалық маңызы бар қалалар мен республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандык, қалалық және соларға теңестірілген әскери және мамандандырылған про- куратуралар қүрайды. Республиканың Бас Прокурорын Парламент Сенатының ке- лісімімен Республика Президенті бес жыл мерзімге қызметке та- ғайындайды. Ал оның бірінші орынбасары мен орынбасарларын Бас Прокурордың ұсынуы бойынша Республика Президенті қыз- метке тағайындайды және қызметтен босатады. Бас прокуратура республика прокуратура органдарының іс- қимылдарын олардың қызметінің негізгі бағыттары бойынша үй- лестірілуі мен орайластырылуын қамтамасыз етеді. Республикада заңдардың орындалуын, заңдылықтың жай-күйін қадағалау прак- тикасына талдау ісасайды, прокурорлық қадағалауды жетілдіру 140

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==