Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

9-тарау ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫ 9.1. Прокуратураның даму кезеңдері және олардың қызметінің принциптері Қазакстан прокуратура органдары қалыптасу мен дамудың ұзақ жолдарынан өтті. Оның тарихы Ресей империясымен мен Кеңестер одағы прокуратурасының дамумен тығыз байланысты. Ресейде прокуратураның құрылуы Петр І-нің кезеңінде болды. Ол мемлекеттік басқаруды реформалау барысында заңдардың орындалуын қадағалайтын және қазына ұрлайтын, пара алатын шенеуніктермен күресетін арнайы аппарат керек деген тұжырым- ға келді. Сол мақсатта Петр I өзінің 1722 жылғы 12 қаңтардағы Жарлығымен заңдардың орындалуын қадағалайтын бірыңғай, зандылық пен құкық тәртібінің тұтастығын сақтайтын жалпы мемлекеттік және қатаң орталықтандырылған жүйе ретінде про ­ куратура қызметін курды. Ол әртүрлі шенеуніктердің қызметін айрыкша бақылайтын, жоғарғы билік пен мемлекет мүддесінің сақталуын қадағалайтын органға айналды. Қазан революциясынан кейін кеңес өкіметі революцияға дейін- гі сот органдарын, адвокатураны, сот тергеушілері және прокурор- лық қадағалау институтын таратқан болатын. Бірақ бес жыл өткен- нен кейін өкімет зандылықты қамтамасыз ететін қадағалау органы- ның керек екенін түсінді. Прокуратура 1922 жылы қайта қалпына келтіріпіп, оның барлық кадағалау функциялары заңмен бекітілді. Қазақстан аумағындағы мемлекеттік прокуратура органдары 1922 жылы 13 маусымдагы Қазак Орталық Аткару Комитетінің 3-сессиясында қурылып, онда «Прокурорлық қадағалау туралы» Ережесі бекітілді. Жыл асқан сайын прокуратура қузыретін ке- ңейтіп, прокуратураны жалпы мемлекеттік деңгейде оны өзінше дербес орган етіп қайта қуру қажеттігі туындады. Қазақстан о/рқтық республика мәртебесін алғаннан кейін прокуратураның жаңа даму кезеңі басталды. 1936 жылы 11 кара- 136

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==