Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

талық бөлімі республиканың барлық аумағында сот ісін басқару және меңгеру жүктелген өлкелік орган деп танылды. 1920 жылы 24 қыркүйекте бірінші әділет комиссары Ғұбай- долла Әлібеков бірінші бұйрыққа қол қойды. 1920 жылы 4-12 қазанда Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның қүрылтай Кеңесі съезінде Әділет халық комиссариатының міндеттері белгіленді. 1921 жылғы наурызда Халық комиссариатының Кеңесі Әділет Халық Комиссариаты туралы Ережені бекітті, оның қүрылымы 5 бөлімнен: сот (жергілікті әділет органдары мен сот мекемелері- нің жүмысын ұйымдастыру), консультациялық-кодификациялық- баспалық, орталық-жазалау (камау орындарын басқару), қаржы- шаруашылық, тарату (Шіркеуді мемлекеттен болу туралы Дек- ретті жүзеге асыру) бөлімдерінен тұрды. 1923 жылы 23 наурызда ҚазОАК Қырғыз (Қазақ) АССР-ның Әділет халық комиссариаты туралы жаңа Ерсже бекітілді. 1939 жылы 25 қазанда Халык комиссарлары Кеңесі Әділет ха- лық комиссариаты туралы жаңа Ереже кабылдады. Комиссариат қүрамында сот мекемелері, кадрлар, оқу орындары басқармала- ры; кодификациялық, мобилизациялық, нотариалдық, ұйымдык, қүпия-піифровальдық, жоспарлау-каржы бөлімдері; адвокатура бөлімі, бақылау-инспекторлық топ, секретариат, архив, зан баспа- сы жүмыс істеді. Әділет халық комиссариатында алқа қүрылды, оның құрамын комиссар үсынған үміткерлерден Халык комис ­ сарлары Кеңесі бекітті. 1946 жылы Жоғарғы кеңес Төралқасының Жарлығына және Қазақ КСР-ның Жоғарғы кеңесінің IX сессиясында қабылданған заңға сәйкес Халык Комиссарлары кеңесі Қазак КСР Министрлер Кеңесі болып кайта құрылды. Сол кезден бастап Әділет халық комиссариаты Қазақ КСР-інің Әділет министрлігі болып атала бастад ы 16 . 16 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтынан. Ал Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының пайда болу, қалыптасу және даму тарихы 1951 жылдың сәуір айынан бас- тау алады. Ол кезде Қазақ КСР Министрлері кеңесінін Заң комис- сиясының жанында Алматы ғылыми-зерттеу криминалистік зерт- хана құрылған болатын. 1957 жылы сәуірде Алматы зертханасы Қазақ КСР Әділет министрлігінің Алматы сот сараптамасы ғылы- 121

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==