386 20.11-сурет а. Радиоавтографтан алынған сызба нұсқалық бейне. ə. Нақты авторадиограмма. Бұдан кейін алынған фрагменттер бөлініп, гельді фотопластинкаға жағады. Сонда 32Р сəулелендіргенде фластинкаға гельмен жағылған жерге қарама-қарсы жақта қою дақтар пайда болады. Бұл əдіс авторадиография деп аталады жəне фотопластинка радиоавтограф деген атпен белгілі (20.11 ə-сурет). Бастапқы фрагменттегі негіздердің орналасу ретінің шектелуін радиоавтографтан оқуға болады. Əр негіздің жекелігін колонкадағы праймерге қосылған негізді гельдің төменгі жағынан анықтай отырып жарықтан қорғалған жерде пайда болған (белгіленген фрагменттің үлкен бөлігі) дақтарды белгілеу арқылы анықтайды. ДНҚ молекуласындағы радиоавтографқа жауапты фрагменттердің реті 20.11 а-суретінің сол жағында орналасқан. Рестрикциялық фрагменттегі негіздердің реті анықталғаннан кейін, олардың нəтижелері комплементарлы Ө М І Р Б А Я Н Карого Б.Муллис 1993 жылы ПТР ойлап тапқаны үшін Нобель сыйлығын иеленген. Ол 1944 жылы Солтүстік Каролинада дүниеге келген жəне 1966 жылы Джорджиидегі технологиялық институтта бакалавр дəрежесін алған. Калифорния Университетінде философия докторы дəрежесін алады. Бірнеше докторанттармен жүргізген зерттеу жұмыстарынан кейін ол Калифорнияның Эмериль Цетус корпорациясымен бірге жұмыс жасайды. Ол Берклиден Мендосиноға көлік айдап келе жатқанда ойлап табады. Қазіргі уақытта ол биотехнология саласы бойынша дəріс оқып, кеңестер береді.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==