Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

385 Нуклеотидтер негіздердің рестрикциялық фрагментпен жұптасуы үшін праймерге қосылады. (Бұл жердегі тəсілде қоспаға 21, 31-ддATФ қосылған). Егер өсіп келе жатқан тізбекке 21, 31-дАТФ орнына 21, 31-ддАТФ синтез тоқтайды. Себебі, оның аналогы 2-дезоксиде қосымша нуклеотидтер қосылуға 31-ОН тобы жоқ. Осылайша, бұл жерде көрсетілген ДНҚ рестрикциялық фрагментінен соңғы фрагменттері əртүрлі тізбектер алынады. Бұл жол алдымен 21,31-ддГТФ, екінші 21, 31-ддЦТФ, содан кейін 21, 31-ддТТФ. Пайдалану арқылы үш рет қайталанады.  10-ЖАТТЫҒУ Егер реакциялық қоспаға 21,31-ддАТФ орнына 21,31-ддГТФ қосылса жоғарыда көрсетілген ДНҚ сегментінен қандай фрагменттер алынады? Төрт тəжірибелік эксперименттен алынған соңғы фрагменттері бар тізбектерді гельдің жеке жолақтарына орналастырады. 21,31-ддАТФ пайдаланып алынған фрагменттер бір жолаққа жиналады, ал 21,31-ддГТФ пайдаланып алынған фрагменттер екінші жолаққа жиналады жəне т.б. (20.11а-сурет). Кіші фрагменттер гель қабатынан жеңіл өтеді, сондықтан гель бойымен жеңіл қозғалады. Ал ірі фрагменттер гель қабатынан баяу өтеді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==