Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

383 да урацил болса, фермент қалыпты урацилді цитозиннің дезаминденуінен түзілетін урацилден ажырата алмайды. ДНҚ құрамында урацилдің орнына титмин болса урацил ДНҚ-да қате бар деп есептеуге мүмкіндік береді. Кез-келген қатені көрсететін ДНҚ-дан айырмашылығы РНҚ-дағы қате ұзақ уақыт болмайды, себебі РНҚ үнемі нашарлап отырады да, соңынан ДНҚ үлгісінен қайтадан синтезделеді. Осылайша, ол РНҚ-ға тиминнің қосылуы үшін қосымша энергия жұмсамайды. 20.10 ДНҚ-ДАҒЫ НЕГІЗДЕРДІҢ ОРНАЛАСУ РЕТІ ҚАЛАЙ АНЫҚТАЛАДЫ? Егер бір миллион жұп негіздердің орналасу реті күн сайын анықталатын болса, бұл адам геномының орналасу ретін анықтауды аяқтау үшін 10 жыл уақыт керек. ДНҚ молекуласы біртұтас болып бірігуі өте үлкен. Сондықтан ДНҚ молекуласы алдымен нақты негіздерге бөлінеді жəне алынған ДНҚ фрагменттері жеке бөліктерге бөлінеді. ДНҚ молекулаларын белгілі бір сипаттағы негіздерге бөлетін фермент эндонуклеаза рестрикация деп аталады. Бөлінген ДНҚ фрагменттері рестрикциялық фрагменттер деп аталады. Енді бірнеше жүздеген эндонуклеаза рестрикациялары белгілі; негіздердің ретін танудың бірнеше мысалдары белгілі жəне осы негіздердің бөліну нүктесі төменде көрсетілген. рестрикциялық ферменттер тану реті Көпшілік негіздердің реті эндонуклеаза рестрикцияның тануы палиндромаға жатады. Палиндром бұл сөз немесе алға жəне кері қарай бірдей оқылатын сөздер тобы. «Дыбыс» жəне «жарысатын автомобиль» палиндромға мысал бола алады1. Эндонуклеаза рестрикция мағыналы тізбек палиндромы болатын ДНҚ бөлігін таниды. Басқаша айтқанада, матрицалық жолақтағы (оңнан солға қарай оқу) негіздердің реті мағыналы тізбектегі негіздердің орналасу ретімен бірдей (солдан оңға қарай оқу).

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==