380 5-ЖАТТЫҒУ Егер метионин олигопептид құрамына кіретін бірінші амин қышқылы болса, мРНҚ келесі бөлігінде қандай олигопептид кодталады? 6-ЖАТТЫҒУ 5-жаттығудағы Төрт С мРНҚ сегментінің қатарына кіреді. Егер төрт С бірі тізбектен бөлінсе мРНҚ-дан қандай олигопептид түзіледі? 7-ЖАТТЫҒУ UAA тоқтатушы кодон. Не себепті 5-жаттығудағы мРНҚ-дағы UAA тізбектелуінен ақуыздың синтезі тоқтатылмайды? 8-ЖАТТЫҒУ 5-жаттығудағы мРНҚ түзілуіне əкелетін ДНҚ мағыналы тізбегіндегі негіздердің тізбектелуін жазыңыздар ЖАСУШАНЫҢ ҚАН АЗДЫҚ АУЫРУЫ Жасушаның қан аздық ауыруы ДНҚ біркелкі орналасқан негіздердің өзгерісінен пайда болатын ауыруға мысал бола алады. Бұл тұқым қуалайтын ауыру гемоглобиннің ақуыздық компоненті ДНҚ мағыналы тізбегі бөлігіндегі GАG триплеті GТG болған кезде пайда болады. Ө М І Р Б А Я Н Мүсінді Роберт Холли жасаған. Роберт У. Холли (1922-1993) Иллинойс штатында дүниеге келген жəне Иллинойс университетінде бакалавр дəрежесін жəне Корнель университетінде философия докторы дəрежесін алған. Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде Корнель медицина мектебінде пенициллин синтезімен айналысады. Ол Корнель универсиветінде, кейіннен Калифорния, Сан-Диего университеттерінде профессор болып қызмет атқарады. Сондай-ақ ол танымал мүсінші де болған.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==