379 20.10-суретте көрсетілген мРНҚ-да ақпарат қалай полипептидке тасымалданады. Бұл суретте серин өсіп келе жатқан полипептид тізбегіне соңғы қосылған амин қышқылы. Серин АGС кодонымен берілген, себебі тРНҚ антикодоны GСU (31- UCG -51) серин тасымалдайды. (Антикодондағы негіздердің реті оң жақтан солға қарай есептелетінін ұмытпаңыздар). • Келесі CUU кодоны AAG антикодонымен бірге (31-GАА-51) тРНҚ сигналы. Бұл тРНҚ лейцинді тасымалдайды. Лейциннің амин тобы нуклеофилді ацилді орынбасу реакциясында фермент қатысында (11.8-бөлім) аралас тРНҚ-да эфирмен əрекеттесіп, тРНҚ бөліп шығарады. • Келесі (GСС) кодоны аланинді тасымалдаушы тРНҚ жеткізеді. Аланиннің амин тобы лейцинді əкелген тРНҚ ығыстырады. Келесі амин қышқылдары да осылайша мРНҚ кодонымен тРНҚ антикодоны тасымалдайтын амин қышқылымен комплементарлы жұптасатын негізді енгізіп отырады. 20.10-сурет Трансляция. мРНҚ-дағы негіздердің реті ақуыздардағы амин қышқылдарының ретін анықтайды. Протеин N C бағытында синтезделеді оқулық: Трансляция
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==