Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

353 Жануарларда кеңінен таралған стероидтарға барлық стероидтардың алғашқы өнімі холестерин жатады. Холестерин тритерпенді скваленнен синтезделеді (19.6бөлім) жəне жасуша мембраналарының маңызды компоненті болып есептеледі (19.1-сурет). Оның сақинасының құрылысы басқа мембраналық липидтерге қарағанда біршама қалың болуына себепші болады. Холестеринде сегіз асимметриялық орталықтар болғандықтан, оның 256 стереоизомері болуы мүмкін, бірақ оның тек біреуі ғана табиғатта кездеседі (6-тараудағы 21-жаттығу). Біз холестериннің деңгейі жүрек ауруына байланысты екендігін жəне холестериннің жоғары деңгейі клиникалық емделетіндігін көрдік (3.13-бөлім). Стероидты гормондар бес класқа бөлінеді: глюкокортикоидтер, минералокортикоидтер, андрогендер, эстрогендер жəне прогестиндер. Глюкокортикоидтер атауына сəйкес глюкозаның метаболизміне қатысады, сондай-ақ ақуыздар мен май қышқылдарының алмасуына қатысады. Кортизон глюкокортикоидтарға мысал бола алады. Ол қабынуға қарсы əсеріне байланысты клиникада артриттер мен тағы басқа да қабыну ауруларын емдеуде қолданылады. оқулық: 3-тараудағы стероидтарға шолу

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==