352 19.7 СТЕРОИДТАР ХИМИЯЛЫҚ ТАСЫМАЛДАУЫШТАР Гормондар химиялық тасымалдаушы болатын кейбір үрдістерді реттейтін немесе тежеу үшін қан ағынын ұлпаға жеткізетін жəне бездерде синтезделетін органикалық қосылыстар. Көпшілік гормондар стероидтарға жатады. Стероидтар полюссіз қосылыстар болғандықтан, олар да липидтерге жатады. Олардың полюссіздік сипаты жасуша мембраналарына өтуіне мүмкіндік береді. Сондықтан олар өздері синтезделетін жасушадан бөлінеді жəне жасуша-нысанға өте алады. Барлық стероидтардың құрамында үш алты мүшелі жəне бір бес мүшелі сақиналардан тұратын тетрациклді сақина жүйесі бар. Ə, Б жəне В сақиналары транс жағдайда орналасқан. Табиғи стероидтарда А жəне Ə сақиналары да транс орналасқан. Біз транс-конденсирленген сақиналар цис-конденсирленген сақиналармен салыстырғанда біршама тұрақты болатындығын көрдік (3.13-бөлім). Циклогексан сақинасының қатаң жағдайдағы конформациясы олардың твист формада болуына мүмкіндік бермейді (3.10-бөлім).
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==