Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

346  6-ЖАТТЫҒУ Мембранада ақуыздар болады. Интегралдық ақуыздың мембраналары мембранаға жартылай немесе толық өтеді. Ал перифериялық мембраналық ақуыздар мембрананың беткі қабатында немесе ішкі жағында болады. Интегралдық жəне перифериялық мембраналық ақуыздардың амин қышқылдық құрамында қандай айырмашылықтар бар?  7-ЖАТТЫҒУ 25оС температураға бейімделген бактериялар температурасы 35оС болатын дəл сондай ортаға ауыстырылды. Температура жоғарылаған сайын бактериялы мембраналардың аққыштығы да артады. Мембраналардың бастапқы аққыштық қалпына бактериялар қалай келеді?  8-ЖАТТЫҒУ Бұғылар мен маралдардағы мембраналық фосфолипидтердің қанықпағандық дəрежесі денесіне жақын жасушадан гөрі тұяғына жақын жасушаларда жоғары болады. Бұл ерекшеліктің тіршілік үшін күресте қандай маңызы бар? 19.5 ТЕРПЕНДЕРДІҢ ҚҰРАМЫНДА БІР БӨЛІГІНДЕ БЕС КӨМІРТЕГІ АТОМДАРЫНАН БОЛАДЫ Терпендер липидтер класының бір түріне жатады. Шамамен, 20000 астам терпендер хош иісті өсімдік майларынан бөлініп алынғаны белгілі. Оларға құрамында оттегі бар көмірсутектер, спирттер, альдегидтер, кетондар жəне т.б. жатады. Терпендердің кейбіреуі бірнеше мыңдаған жылдар бойы дəмдеуіштер, əтір жəне дəрілік заттар түрінде қолданылып келеді. Терпендердің көп мөлшерін сараптағаннан кейін химик-органиктер оның құрамында бір бөлігінде бес көміртегі атомдарынан болатындығына көз жеткізеді. Бұл табиғи қосылыстардың құрамы құрылыс бөлігінде бес көміртегінен болатын 10, 15, 20, 25, 30 жəне 40 көміртегі атомдарынан тұрады. Ары қарайғы зерттеулер олардың құрылысы басы-соңы ережесімен орналасқан изопрен буынынан тұратындығын көрсеткен. (Изопреннің тармақталған жағы басы жəне тармақталмаған жағы аяғы деп аталады). Молекуладағы басы-соңы ережесі бойынша байланысқан изопрен буындарының саны бойынша изопрен ережесімен терпендер молекуласы құрылады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==