344 Екіншілік эфир тобын түзуге жиі қолданылатын спирттерге этанол, холин жəне серин жатады. Сондайақ фосфатидилэтаноламиндерді кефалиндер жəне фосфатидилхолиндерді лецитиндер деп те атайды. Лецитиндер майонез сияқты тағам түріне сулы жəне майлы компоненттерінің бір-бірінен бөлінбеуі үшін қосылады. Фосфоглицеридтер липидті би қабатына айналып, мембраналар түзеді. Фосфоглицеридтердің полюсті жақтары қос қабаттың екі беткі жағында да болады жəне май қышқылдарының тізбегі қосқабаттың ішкі жағын түзеді. Холестерин липиді 19.1-бөлімде талқыланады, қос қабаттың ішінде болады (19.1-сурет). Мембраналардың аққыштығы фосфоглицеридтердегі май қышқылдарының компоненттерімен бақыланады. Қаныққан май қышқылдары мембраналардың аққыштығын төмендетеді, себебі олардың көмірсутекті тізбектері өзара тығыз орналасады. Қанықпаған май қышқылдары аққыштықты арттырады, себебі олар өзара тығыз орналаспаған. Холестерин де аққышқытықты азайтады (3.13-бөлім). Тек жануарлардың мембраналарында холестерин болады, себебі олар өсімдік мембраналарына қарағанда біршама қатты келеді. Фосфоглицеридтердің қанықпаған май қышқылдарының тізбектері 344-бетте берілген қатты майлар мен сұйық майлардың реакцияларына ұқсас О2 əсеріне сезімтал келеді. Бұл тотығу реакциясы мембраналардың деградациясына əкеледі. Е дəрумені май қышқылдары тізбегін тотығу арқылы деградациялануынан қорғайтын маңызды антиоксидант. Е дəрумені полюссіз еріткіштерде еритіндіктен липидтерге жатады жəне ол α-токоферол деп те аталады (5.17-бөлім). Ол биологиялық мембраналарға енуге қабілетті; онда ол қос қабатты фосфоглицеридтерге қарағанда оттегімен жылдам əрекеттесіп тотығу реакциясын болдырмайды. Е дəруменінің оттегімен əрекеттесуі май қышқылдарымен салыстырғанда жылдам жүретіндіктен, оны майлы тағам өнімдеріне консервант ретінде қосады. 3-D Молекула:Фосфатидті қышқыл Мембраналарда көп кездесетін фосфоглицеридтер ге фосфодиэфирлері жатады. 3-D Молекула: Е дəрумені
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==