Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

325  14-ЖАТТЫҒУ Трансаминдеу үшін қандай фермент қолданылады? (Көмекке: 17.9-бөлімді қараңыздар).  15-ЖАТТЫҒУ Аланин сияқты алмастырылмайтын амин қышқылдары трансаминдеу реакциясына түссе, қандай қосылыс түзіледі? 18.7 ЛИМОН ҚЫШҚЫЛЫ ЦИКЛІ Бұрын айтылғандай лимон қышқылының циклі катаболизмнің үшінші сатысы. Мұндағы реакциялар ацетил-КоА əр молекуласының ацетил тобы майлардың, көмірсулардың жəне амин қышқылдарының катаболизмінен түзіліп, екі СО2 молекуласына дейін ыдырайды. Сегіз сатыдан тұратын реакция циклді деп аталады, себебі сегізінші реакция өнімі (оксалоацетат) бірінші реакция реагенті болғандықтан тұйықталады (18.5сурет). 1. Бірінші реакцияда ацетил-КоА оксалоацетатпен əрекеттесіп цитрат түзеді. Бұл реакция альдольді қосылу реакциясына ұқсас (13.5-бөлім). Реакция механизмі аспартат ферментінің бүйір тізбегі ацетил-КоА α-көміртегінен протонды бөліп оксалоацетаттың карбонилді көміртегін шабуылдайтын нуклеофил пайда болады. Карбонилді оттегі гистидиннің бүйір тізбегінен протонды бөледі. Аралық өнім цитраттың гидролизінен пайда болады. 2. Екінші реакцияда цитрат изомері изоцитратқа өзгереді. Реакция екі сатыдан тұрады. Бірінші саты дегидратация реакциясы (10.3-бөлім); серин ферменттің бүйір тізбегінен протонды бөліп, кететін ОН тобы гистидиннің бүйір тізбегін протондап ацетил-КоА

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==