Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

313 НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫ Нобель сыйлығы ғалымдар үшін мəртебесі ең жоғары сыйлық. Бұл сыйлықты Альфред Бернард Нобель (1833-1896) тағайындаған. Алғаш рет бұл сыйлық 1901 жылы берілген. Нобель Швецияның Стокгольм қаласында дүниеге келген. Ол 9 жасқа толғанда ата-анасымен бірге Санкт-Петербург қаласына көшіп келеді де, əкесі Ресей үкіметі үшін торпеда мен су асты миналарын жасаумен айналысады. Альфред ер жеткеннен кейін əкесінің Стокгольмдегі зауытында жарылғыш заттарды зерттеумен айналысады. 1864 жылы зауытта болған жарылыстан оның ініс қаза табады. Бұдан кейін Альфред жарылғыш заттарды пайдалану мен тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік жолдарын іздестіре бастайды. Швед үкіметі бірнеше рет болған авариядан кейін зауыттың қайтадан іске қосылуына тыйым салған соң Нобель Германияда жарылғыш заттар зауытын ашады. Онда 1867 жылы ол егер нитроглицеринді диатомитті топырақпен араластырса одан детонациялық қақпағы жоқ таяқшалар жасауға болатындығын анықтайды. Осылайша, Нобель динамитті ойлап табады. Сондай-ақ ол жарылғыш қоспа мен түтінсіз оқты да ойлап табады. Ол əскерилер қолданған жарылғыш заттарды ойлап тапқанымен бейбітшілік жолындағы қозғалысты жақтаушы болды. Нобельдің 355 патенттің авторы болуы оның ең бай адам болуына жол ашады. Ол ешқашан үйленбеген жəне қайтыс болғаннан кейін артында қалған байлығын (9,2 млн.) «адамзат үшін аса пайдалы да құнды жаңалық ашқан» ғалымдарға тағайындауға мұра етіп қалдырған. Ол бұл ақшаны инвестицияға салып, жыл сайынғы оның үстінен келген пайданы тең бес бөлікке бөліп «химия, физика, физиология мен медицина жəне əдебиет салалары, сондай-ақ бейбітшілік конгрестерін ұсынған адамдар мен халықтар достастығы мен бірлігіне маңызды үлес қосқан адамдарды» марапаттауды тапсырған. Нобель, сондай-ақ бұл марапаттауды тағайындау кезінде кандидаттың ұлтына қарамауды, біріккен жұмыстардың авторы үштен аспауын жəне қайтыс болғаннан кейін берілмейтіндігін қарастырған. Нобель химия жəне физика саласы бойынша марапаттауды Швецияның корольдік ғылым академиясы, физиология жəне медицина бойынша Стокгольмдегі Каролина институты, əдебиет бойынша Швеция академиясы, бейбітшілік үшін Норвегия парламенті тағайындаған бес адамнан құралған комиссияның марапаттайтындығын ұсынған. Сондай-ақ талқылау құпия түрде өтетіндігін жəне шешімнің қайтадан қарастырылмайтындығы да айтылған. 1969 жылы Швецияның орталық банкі экономика саласы бойынша Нобель сыйлығын тағайындаған. Бұл сыйлықтың иегерлерін Швецияның корольдік ғылым академиясы іріктейді. Əр жолы бұл сыйлық Нобельдің қайтыс болған күні 10 желтоқсанда Стокгольмде беріледі. Тек бейбітшілік жолындағы Нобель сыйлығы ғана Осло қаласында беріледі.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==