Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

146 3€ Тәуекел-.менеджмент Тәуекелді қаржыландыру түсінігі және оны қаржыландыру кездері 1. Тәуекелді қаржыландыру түсінігі және оны қаржыландыру көздері Тәуекелді қаржыландыру түсінігі (risk financing) әдебиеперде екі түсінікке ие: - кең мағынада - тәуекелді басқаруда шығындарды жоспар- лау мен іске асыру; - тар мағынада - кездейсоқ шығындарды жабу үшін қаржы көздерін қарастыру және қалыптастыру. Жалпы тәуекелді басқару бойынша шығындарды жоспар- ланған және кездейсоқ деп екіге бөлеміз. Меншік тәуекел менед ­ жмент қызметін ұстау, сырттан сарапшылар қызметін жалдау бой ­ ынша жоспарланған шығындар бағалауға оңай. Кәсіпорындар шаралардың құны мен тиімділігіне байланы- сты оларды іске асырудыды өздері жоспарлайды. Сондықтан осы шығындар басқа да басқару шығындарымен қатар ұйымның бюд ­ жет! аясында жоспарланады. Ал күтпеген жерден болған шығындарды жабу болжауға қиын түседі. Басшылық күтпеген зиянның қашан болатынын, қанша бо- латынын нақты болжай алмайды. Күтпеген шығынды жабу алуан түрлі көздерден болуы мүм- кін. Кәсіпорынға байланысты алатын болсақ олар ішкі және сы- ртқы болып бөлінеді. Ішкі көздерге ұйым өзі қалыптастырған және бақылай алатын көздерді жатқызамыз. Ал егерде компания топтарын, холдинггарды және т.б. бірне- ше біріккен фирмаларды қарастыратын болсақ бірлескен қаржы көздерін жалпы бірлестік үшін ішкі көздерге жатқызамыз. Бұл рет- те холдингтің жекелеген қатысушылары үшін іс жүзінде мүндай көздер сыртқы болып табылады. Іс жүзінде мүндай шығындарды жабу меншік қаржылармен қатар сыртқы көздерді де қолдануды қарастырады. Тәуекелді үстап қалудың да, гәуекелді тапсырудың да элементтері бар бағдарлама- ларды аралас немесе будандастырылған жоспар деп атайды. ... -Г*?' ч

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==