Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

138 Тэуекел-менеджмент Тәуекелді бағалауды жүргізудің нәтижесі болып құрылған тізілім мен тәуекелдер картасы саналады. Алғашқы картада көп жағдайда қабылданбайтын тәуекелдер болады, оларды белгілі ша- ралар қолдану арқылы оларды қолдануға болатын тәуекелдерге ай- налдыру қажет. Аталған шаралар тәуекел түрлері мен объектілері- не байланысты. Осы әдістерді қолдану нәтижесіне байланысты тәуекелдің өз- герісі төрт санатқа бөлінеді (кесте 4.5): - жалтару; - азаю; - тапсыру; - ұстап қалу. Кесте 4.5 - Тәуекелді өңдеу эдістерін жіктеу' Әдістер Тэуекелмен не болады Жалтару берілген объектідс тэуекел бар болуын тоетатады Азаю берілген объектіде тэуекел болады, бірақ оның деңгейі өзгереді (азаяды) Тапсыру берілген объектіде тэуекел болады. бірақ оның кейбір элементтері басқаға тапсырылады үстап қалу берілген объектіде тэуекел болады және түгелімен сол объектіде калады Бұл әдістерді басқада белгілері бойынша топтастыруға бола ­ ды. Тәуекел сипатының өзгерісіне байланысты тәуекелді реттеу және тәуекелді қаржыландыру деп жіктейміз. Тәуекелді реттеуде оның ықтималдығы, салдары немесе бастапқы нәтижесін шашу мүмкіндігін мақсатты түрде өзгертуге арналған әдістерді атауға болады. Тәуекелді қаржыландыру тек оның салдарын жабу (өтемақы) жүзеге асырады, ал қасиетін өз- гертпейді. Мүндай өтемақылар меншік қаржылар негізінде жүзе- ге асырылады. Онда ол тәуекелді ұстап түру деп аталады. Кейде басқа субъектпен тәуекелдің орнын жабуда оның қатысуы туралы да келісуге болады. Ондай жағдай қаржыландыру мақсатында тәу- екелді табыстау деп аталады. 1 Богоявленский С.Б. Управление риском в социально-экономических системах. 2010.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==