Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент
3. Кәсіпксрлік тәуекелдер 127 Нарықтық қатынастар жағдайында бизнесті аман ұстау үшін техникалық жаңашылдықтар мен батыл күрделі шешімдерге бару қажет, ал ондай жағдайлар өз кезегінде тәуекелді күшейтеді. Осыдан мынадай шешімге келуге болады - кәсіпкер тәуекел- діктен қашпауы керек, оны азайту үшін тәуекел деңгейін бағалай білуі керек. Кәсіпкердің ең маңызды мінез-құлық ережелерінің бірі былай: «Тәуекелден қашпау, одан да оны мүмкіндігінше төмен деңгейге түсіруге тырыса отырып, оның алдын ала білу». Тәуекел табиғаттың түрлі құбылыстары және қоғамның қызмет түрлерінің ерекшелігінен туындайтын мүмкін болатын жогалтулар қаупімен түсіндіріледі. Экономикалық категория ретінде тәуекел өзімен бірге болуы мүмкін немесе болмауы да мүмкін жағдайларды үсынады. Мұн- дай жағдайдың туындауы салдарынан келесідей үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: жағымсыз (үтылыс, зиян, шығын), нольдік, жағымды (ұтыс, пайда, табыс).. Нарық жағдайында тәуекел кәсіп- керліктің шешуші элементі. Тәуекелдің ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. Сонымен нақты жағдайларда шешім қабылдау қажеттілігіне байланысты дұрыс бағаланған тәуекел қүнды болып табылатын- дығын түсінген жөн. 2. Кәсіпкерлік тәуекелді төмендету әдістері. Тәуекелді төмендету мен болдырмау шаралары келесі кезең- дерден түрады: - алынған тәуекел деңгейінің жарамдылығын бағалау; - тәуекелді төмендету немесе жоғарылату (егер алынған тәу- екел мәні белгіленген мөлшерден томен, бірақ тәуекел дәрежесін жоғарлату күтілетін нәтижені арггырған жағдайда) мүмкіндіктерін бағалау; - тәуекелді төмендету немесе жоғарылату әдістерін таңдау; - тәуекелді төмендету немесе жоғарыпату нұсқаларын қа- лыптастыру;
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==