Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

3. Кәсіпкерлік тәуекелдер 125 улердегі қателікгер; шикізат пен жабдықтарды тиімсіз қолдану; қызметкерлер кесірінен кәсіби ақпараттың сыртқа шығып кетуі; сыртқы орта өзгерісіне фирманың нашар бейімделуі және т.б. Осы себептердің салдары ұйымдық және ресурстық тәуекел- дерде жақсы көрінеді. Үйымдық тәуекел — жүмысты ұйымдастыру олқылықтарынан болатын тәуекел. Үйымдық тәуекелдің негізі себептері: а) ұйымдастырудың төмен дәрежесі: - жоспарлау мен жобалау қателіктері; - жұмыс үйлесімдігінің жетіспеушілігі; - әлсіз реттеу; - жабдықтау стратегиясынындұрыс болмауы; - кадрларды қабылдау мен орналастырудағы қателіктер; б) маркетингтік қызметті ұйымдастырудағы кемшіліктер: - дұрыс тауар тандамау (сатылым жоқ); - төменгі сападағы тауар; - өткізу нарығын дүрыс таңдамау; - нарық сыйымдылығын дұрыс анықтамау; - баға саясатының дұрыс тандалмауы (тауардың өтпеуі); в) қаржылық тұрақсыздық. Аталған қателіктер салдары өндірістік емес жоғалтуларға, пайданың азаюы мен кәсіпкерлік қызметтің соңғы нәтижелерінің нашарлауына әкеледі. Ресурстық тәуекелдерде ресурстар бойынша қор беріктігінің нашарлығынан болатын жоғалтуларды жатқызамыз (еңбекақы төлемінің өзгеруі, баж салығы мен салықтардың өзгеруі, ұрлау, ақаулардың үлғаюы, тауарлар мен материалдардың бұзылуы, жаб- дықтаудың уақыты бойынша бүзылуы және т.б.). Бұл өзгерістер негізінде: - қаржылардың жетіспеушілігі; - жұмыс күшінің жетіспеушілігі; - материал мен өнімдердің жегіспеушілігі және т.б. туын- дайды. Ерікіз банкроттыққа ұшыраудың себептері:

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==