Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы
субъекгілерінің өз қызмет бабын, құқықтық мәртебесін және қызмет мүддесіне қайшы әрі құқық пен ар-ожданның қалыптасқан нормаларына қайшы орналасқан лауазымның беделін пайдалану жолымен істелінеді. Осы әрекеттер мүліктік не өзге пайда табуға және қандай да бір мүдделер мен қажеітіліктерді қанағатгандыруға тікелей бағытталған. Мысалы, саяси сыбайластықты саясаткерлердің, саяси үміткерлердің немесе олармен байланысты адамдардың сайлауды дайындау және өткізу, белгілі бір мемлекеттік лауазымға тағайындау немесе бекіту кезіндегі іс-әрекетгері ретінде анықгауға болады. Мемлекеттік билік және басқдру органдарында жемқорлық қылмыстардың тікелей нысаны мемлекеттік қызметгің беделін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мәселесін зерттей отырып, сыбайлас жемқорлық мүдделі топтардың экономикалық мүдделерінің көлеңкелі ықпал ету түрі ретінде осы мәселеге қатысты төмендегідей түйін жасауға болады. Біріннііден, барлығы мойындағандай, сыбайлас жемкорлық - саясатгың ажырамас бөлігі болып табылады. Өйткені лауазымдық тұлғаның игіліктерді белуге құқығы бар жерде, мүдделі тұлғалар тарапынан үнемі әлеуметтік үқсастық жасау мүмкіндігі болып түрады. Яғни, игілік деп біз тек қана материалдық ресурстарды меңзеп тұрмаған болармыз, сонымен қатар оған лауазым иесінің түрлі әрекеттерге тыйым салу немесе рұқсат ету тағы басқа қүқығы да жатады. Екіншіден, сыбайлас жемкорлық жоғары деңгейге көтерілуі бұл мәселеге шындап көңіл бөлуді талап етеді. Заманауи жемқорлықпен күресу шаралары тек қана репрессивтік синатта болмауы қажет, заңнамалардың да жетілдіруіне баса назар аударған жөн. Үшіншіден, осы қоғамдық зауалға қарсы қоғамның бірігуі жемқорлықпен күрестің жеңісіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Толыгырақ қарастыратын болсақ, сыбайлас жемкорлықгы терең зерттеуте толық қол жете қойған жоқ. Іс жүзінде, анық дүниенің өзіне өмір күнделікті өзгерістер енгізіп отыр. Болашақта көлеңкелі әрекетгер сыбайлас жемқорлықтың жаңа түрлерін туындатуы әбден мүмкін. Қоғам мен мемлекетгің алдындагы басты міндеті — осы қылмыстың деңгейін неғүрлым азайту болып табылады. 1 > -71 -
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==