Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы
1. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ: ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ, ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ Сыбайлас жемқорлыкгың даму тарихы ежелгі кезеңнен бастау алады. Атақты француз философы Шарль Луи Монтескье: «Көптеген ғасырлар тәжірибесі көрсеткендей, қолында билігі бар адам, қылмыс жасауға бейім тұрады және де тиісті шекке жетпейінше, сол бағьпта әрекет жасай береді», - деп айтқан [1,14]. Сыбайлас жемқорлық құбылысын халықаралық заманауи тұрғысынан түсіну және оған қарсы күрес шараларын іске асыру жолдары қылмыстың алдын алу және құқык бұзушылармен жұмыс жүргізу жөніндегі Б¥¥-дың Сегізінші Конгресінің хатшылығы әзірлеген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша практикалық шаралар» атгы нусқаулықта көрініс тапты (Гавана, 1990 жылғы тамыз-қыркүйек) [2,44]. Осы құжатты талқылау нәтижесінде әлемдік қауымдастыққа сыбайлас жемқорлықгың мынадай ерекшеліктері ұсынылды: 1. Осы ұғымның мағынасынының сипатына қарай сыбайлас жемқорлыққа жататын барлық құқық бұзушылықтар енгізілуі тиіс, олар: этикалық, тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық-құқықтық бұзушылықтар, бұл сыбайлас жемқорлық жолына түскен субъектінің қызметтік бабын өз басының пайдасына асыра пайдаланып, заңды бұзғандығынан көрінеді. 2. Мемлекетгік қызметтегі тұлғаларды сыбайлас жемқорлық жолына итермелейтін субъектілердің қызмет шеңберін шектеу. Бұған шенеуніктердің артықшылықтарды заңсыз пайдаланғанын жатқызуға болады, осындай қызмет көрсететін субъектілердің шеңберін жеке және завды тұлғалар толықтырылып отырады. 3. Өз қызмет жағдайын жемқорлық құқық бұзушылықтың субъектісі ретінде заңға қайілы сипатга пайдалану. 4. Жемқорлықгың көрініс табуының ең қауіпті екі түрі: - мемлекетгік немесе қоғамдық мүлікгерді жемқорлық жолмен ұрлау; - мемлекетгік қызметкерлердің әрекетінде ұрлық белгілері байқалмаса да, олардың қандай да бір артықшылықтарды заңсыз жолмен алу мақсатында өз қызметтік жағдайын теріс пайдалануы. 1979 жылы Б¥¥-дың Бас Ассамблеясы және сыбайлас жемқорлық мәселелері жөніндегі аймақаралық семинар (Гавана -6-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==