Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы
отыратын кең көлемдегі зерттеу. Бұл тар көлемде мамандырылған, мемлекеттерде жемқорлылықтың жиьпғгық деңгейі бойынша саралауын қамтамасыз ететін интегралды индекс, яғни сыбайлас жемқорлықгың барлық түрі мен нысандарын қарастырады СЖҚИ 1995 жылдан бастап әлемнің көптеген елдерінде тәуелсіз деп аталатын институтгар арқылы жүргізілген әр түрлі зерттеулер мәліметтеріне жасалған талдауды негізге алады. Осы индекстің күрделі рәсімдері арқылы шығуына қарамастан, мұның субъектілілігі жеткілікті шамада керінеді. Біріншіден, «қабылдау» терминінің өзі өзінің болмысы бойынша объективті бола алмайды, бір оқиғаны әр түрлі адамдардың қабылдауы, әр түрлі жағдайларда мүлде басқа мағынада болуы мүмкін. Екіншіден, әр елдің қолданып жүрген зандарында сыбайлас жемқорлыктың анықгамасы алуан түрлі, сондықтан қүбылыстың өзін басқа мағынада түсінуге әкеп соғады. Үшіншіден, мемлекетік статистикалық мәліметтер сыбайлас жемқорлықпен күресудің қарқынына тәуелді - ол қаншалықгы қарқынды болса, соншалықты сыбайлас жемқорлық жағдайлары көбірек тіркеледі. СЖҚИ есептеп шьнаруда тағы бір қиыншылық қаралатын мәселелерді қабылдауда БАҚ ықпалын дәл ссептеу мүмкіндігінің болмауына тіреледі. Кейбір елдерде сыбайлас жемқорлыкгы қабылдауда БАҚ ықпалы шешуші болуы мүмкін. Осылайша, ТІ сыбайлас жемқорлықты бағалаудың барлық әдіснамасын тек статистикалық талдау ғана анықгайды. Ал сонда, СРІ және ВРІ индекстерінің мәні сарапшылар пікіртерінен алынған мәліметтермен айлалы әрекет жасау нәтижесі болып отыр[4,68]. Біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 1998 жылғы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан кейін белгілі дәрежедегі іс-қимылға көшті. Осы заңға сәйкес сыбайлас жемқорлықтың түрлі көріністерінің алдын алу шаралары және жою туралы бөліктері, елдің барлық заң базасын елеулі өзгерістерге ұшыратты[5,25]. Осындай жүмыстардың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықгар мен қылмыстардын көбірек ашыла бастағаны заңды. БАҚ арқасында сыбайлас жемқорлардың аттары жұртшылыққа мәлім болды, соның ішінде мемлекттік билік және басқару органдарының жоғары лауазымды тұлғалары да кездеседі. -67-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==