Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы
10. ЭКОНОМИКАЛЬІҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ДАМУ ҰЙЫМЫНЫҢ ПАРАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНШДЕГІ КОНВЕНЦИЯСЫ Қазіргі кезеңдегі тарихи дамуда әлем бірлестігіне қауіп төндіріп отырған сыбайлас жемқорлықтыц ұлтаралық катынасы, осьг қауіпті бейтараптау үшін халықаралық деңгейде жан-жақты шара қолдануды талап етеді. Сыбайластықпен күресу саласында Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Үйымының құқықтық бастамалары негізінен екі құжатқа негізделген. Бір жағынан - 1997 жылғы 23 мамырдағы ЭСД¥ Кеңесімен бекітілген халықаралық іскери операцияларда парақорлықпен күресу жөнінде қайта қарастырылған ұсыныс - қылмыстық та, қылмыстық емес құқықгық сипатгағы алдын алу және кепілді шаралар кіретін біртүтас бағдарламасы бар деректеме, сондай-ақ Ұсынысты жүзеге асыру барысын қадағалауға бағытталған орындалу сараптамасы және бақылау әдістемесі. Екінші жағынан - 1997 жылғы 21 қарашада қабылданған және коммерциялық іс-әрекет жүргізу барысында шетелдік мемлекеттік шенеуніктерге пара беруді қылмыс деп жариялау мәселесіне арналған «Халықаралық іскери операцияларды жүргізу барысында шетелдік мемлекеттік органдардың лауазымды түлғаларының парақорлығымен күресу жөнінде» Конвенция. Бұл конвенция коммерциялық ортада салауатты бәсекелестікті қалыптастыруда алғышарт болып есептеледі[1,7]. Екіншісінің үлкен тәжірибелік құндылығына байланысты оған сараптау жүргізейік. ЭСД¥ дамыған мемлекетгердің экономикалық үйымы ретінде экономикаға тікелей қатысы бар сыбайластыққа ғана назар аударады, яғни коммерцияның тегіс «ойын алаңын» қүруға қатысты қарастырылатын салада амбициялары шектеулі. ЭСДҮ шстелдік мемлекеітердің лауазымды түлғаларының белсенді сыбайластарына қарсы күрсс барысында өзінің іс-әрекет аясын шектейтіні және дербес тұлғалардың сыбайластық мәселелерін қозғамайтыны айқын. Дегенмен, бұл көзқарас біржақты, тоғышар, «сүраныс жағында» қолданылатын әрекеттерге тәуелді екені іпығады. Конвенцияда бекітілген концепция конвенцияға қатыспайтын елдердің мемлекеттік лауазымды тұлғалары арасындағы парақорлықгы да қарастырады. Алайда, екінші -63-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==