Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы

олар мемлекет пен қоғамға қауіп төндіруі мүмкін, өйткені ол мемлекетгік аппараттың жемқорлыққа бейімділігін толық жоя алмайды, яғни лауазымдық тұлғалар тарапынан жемқорлықтың туындауына қолайлы жағдайдың жасалуына мұрындық болады. Г.Б. Ханның түжырымдамасына тоқталсақ, жазалау, репрессия шаралары қоғам үшін материалдық және адамгершілік тұрғысынан алғанда өте қымбатқа түседі, өйткені қылмыстық жаза құқықтық бұзушылықты түп-тамырымен құрта алмайды, келтірілген зиянның орнын толтыра алмайды, бұзылған құқықтың өтемін қайтаруға да дәрменсіз. Жаза шараларына күрестің басқа түрлері сарқылған немесе жеткіліксіз болған кезде амалсыздан жүгінеміз. Сол себепті де бұл заңдар топтамасының жетілдіре түсетін жерлері көп[2,1 19]. Конвенция қылмыстық іске қатысушының тек екі түрін - сыбайлас және азғьгрушы қарастыратынын ескеру керек. Көптеген елдердің заңнамалары жемқорлық қылмыстарын жасауға байланысты заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін қарастырмайтыны белгілі[3,1 54]. Сыбайлас жемқорлық үшін азаматгық-құқықтық жауапкершілік» туралы Конвенцияда сыбайластыққа анықтама беру әрекеті жасалған. Конвенцияның тараптары ретінде Еуропа Кеңесінің мүшелері де, сонымен қатар, осы құжаттарды әзірлеуге ат салысқан мемлекеттер де мүше болуға құқылы. Осы Конвенция бес тарау мен преамбуладан - «Терминдерді қолдану», «Үлтгық деңгейде жасалатын шаралар», «Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің халықаралық әріптестігі», «Қорытынды Ережелер» сияқты мазмұндамалардан тұрады. 2 бап сыбайластыққа мынадай сипаттама береді: сыбайластық - пара немесе тиісті емес ерекше жеңілдіктер алушылардың өз міндеттерін орындауды бүрмалайтын тікелей немесе жанама, пара беру немесе алу, талап ету, ұсыну болып табылады. Конвенцияда тигізген залалдың орнын толтыруға акцент жасалған, жемқорлық әрекеттен задал шекксн тұлтаның залалын толық орнына келтіру мақсатында әрекет жасауын қолдау қаралған. Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік» туралы Конвенцияда төмендегідей мәселелер қозғалған: - әр ел өзінің ішкі зацнамаларында жемқорлық әрекеттің нәтижесінде зиян шеккен түлғалардың қүкықтарын бекітетін, -59-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==