Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы
Десе де қазірдің өзінде Конвенцияда оның мақсатгарына қайшы келетін ережелер бар, олар негізінен келесі аспектілерге қатысты: 1) Жоба мәтінінде пакты емес міндетгемелер мен тұжырымдар бар: «қатысушы мемлекетгер тырысады» (6, 7, 11 баптар), «өз мүмкіндіктері шегінде» (13 бап), «қарастыра алады» (51 бап). Мұндай терминология жоба мазмұнының мағлұмдамалы екендігін көрсетеді, себебі міндеттеме жүктелмейді, тек ықтияр мен ниет білдіріледі; бұл Конвенцияның жеке ережелерін қолдануын тараптардың өз еркіне береді және шарасыз қос стаңдартгарға алып келеді, ал бұл берілген конвенцияның мақсаттарына сай емес. 2) Конвенция жобасында қатысушы мемлекетгерде жемқорлықпен күресу жөнінде органдар ашу туралы сөз қозғалады. Алайда, шындығында жемқорлықпен тікелей күресетін бөлімше ашу қарастырылмайды, оның орнына саясатты шолатын немесе жемқорлық туралы танымдарды кеңейтетін әдістерді жасайтын, оның әртүрлі түрлерін айқындайтын штабты бөлімше немесе әкімшілік орган құру ұсынылады. Б¥¥-ның жемқорлықпен күресудің Конвенция жобасының оң, креативті бастамасы бар. Осылайша Б¥¥ жемқорлыққа қарсы Конвенция жобасының көптеген ережелері түжырымдардағы қателіктерді жою, мемлекеттерге өз еркімен әрекет ету құқығын беретін және конвенцияға қойылған мақсаггарға жету мүмкіндігін бсретін мақсатында түзетулерді қажетсінеді. Б¥¥ қарамағында қүрылған ұйымдар жемқорлыққа қарсы құралдарды құруда белсенді қызмет атқарады. Халықаралық қылмысты алдын алу орталығы, Біріккен Ұлттар Секретариатының қылмысты алдын алу және нашақорлықты қадағалайтын басқарма аймақаралық қылмыс бойынша Біріккен Ұлтгар Институтымен бірге «Жемқорлыққа қарсы әлемдік бағдарламаны» құрды. Бағдарлама жемқорлықпен күресуде мүше-мемлекеттерге көмектеседі. Халықаралық қылмысты алдын алу орталығының Әлемдік бағдарлама шеңберінде «Б¥¥-ның жемқорлыққа қарсы саясат басшылығы» және «Жемқорлық құралдарының жиынтығы» құрылған. 2003 жылы осы құжаттың 5 нұсқасы шықты. Осы аталған құжатгар занды кұші жоқ, кенілдеме түрінде берілген. Негізінен, бағдарлама аясында мемлекеттік сатып алу және халықаралық коммерциялық мәмілелер саласында үлкен ашықтылық пен есепке жатуына көмектесетін механизмдер жасалуда. -55-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==