Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы
дамыды десек те, сыбайлас жемқорлық жеке түлғага, қоғамға, мемлекетке катер төндіретін фактор болып табылады. Оқу құралында сыбайлас жемқорлық түсініктері мен оны іске асыру тетіктері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетгің заңнамалық негізі, себептері мен оған ықпал ететін жағдайлар, сыбайлас жемқорлыкты алдын алу шаралары бейнеленген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі әлемдік тәжірибені зерттей, талдай отырып, осы құбылысқа тән себептік-кешендік факторларды, оған қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық құралдарды қарастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын қалыптастыруға болады. Осыған орай, ұсынылып отырған аталмыш оқу құралының мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіндегі халықаралық тәжірибені саралап, айқындап, сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі заңнаманың қоғамның дамуына қарай іс жүзінде жетілдіріп отыратыуына көз жеткізу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесін Б.В Воложенкин, Г.А. Сатаров, П.А.Кабанов, МЛ. Цирик, М.И. Лёвин, Н.А. Морозов, И.И.Сулима, Г.В. Игнатенко, Ю.А.Кузнецов, А.В.Хомутова және де басқа ғалымдар зерттеді. Жемқорлыктың кағидаларын, түрлері мен нысандарын, себептік-кешендік факторларын, сондай-ақ шетел мемлекеттерінің тәжірибесін пайдалануды, қолдауды ұсынған мынадай қазақстандық ғалымдардың еңбектері осы мәселенінің зерттелуіне елеулі үлес қосты: Б.А.Амрекулов, Г.И.Баймүрзин, И.Ш.Борчашвили, С.Ғ.Қапаров, Ш.Құтгаяқов, Д.В. Құрбатов, Г.С.Мәуленов, М.О.Нәукенов, С.С.Сартаев, Е.З.Тұрғымбаев, М.К. Ынтықбаев және тағы басқалар. Демократиялық институттар мен қүңдылыктар сыбайлас жемқорлықтың көріністерімен, сондай-ақ, одан туындайтын қоғамның түрақты және қауіпсіз дамуына қатер төндіретін проблемалармен сыйыспайтыны даусыз. Тиісінше Қазақстанда іске асырылып жатқан демократиялық қайта құрулар сыбайлас жемқорлыктың барлық көріністеріне қарсы барлық деңгейлердегі күресте тиімді жұмыс істейтін жүйесіз мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлықтың мемлекетгің бәсекеге қабілетгілігін едәуір темендететіні, қоғамда демократиялық қайта қүруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықарапық беделіне көлеңке -4-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==