Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы
КІРІСПЕ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметгік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуъшың басты бағыты» атты Жолдауында (27.0І.2012ж.) - «Жаңғыртудың ең маңызды мәселелерінің бірі - сыбайлас жемқорлықпен кесімді күрес. Біздің бұл бағыттағы іс- әрекеттеріміз мемлекеттік аппараттағы сыбайлас жемқорлық деңгейін едәуір төмендетті. Мұны халықаралық сарапшылар атап айтуда. Алайда бізге сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа стратегиясын жасау қажет. Парақорларды аныктау және сотқа тарту жеткіліксіз. Жаңа құқықтық тетіктерді, ақпаратгық мүмкіндіктерді пайдалану, жұртшылықты жемқорлық тәртіп бұзуіпылықты ескерту мен алдын алуға кеңінен тарту керек. Басқа елдердің бұл саладағы тәжірибесін зерттеп, пайдалану қажет. Мемлекетгік қызметшілердің кірістерін ғана емес, шығыстарын да мағлұмдауға көшу қажет. Осы мәселе бойынша заң қабылдау керек. Үкіметке үш айдың ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді бағдарлама дайындап, үсынуды тапсырамын» - деп атап өткен болатын. Бүкіл әлемнің, адамзаттың дамуы тарихында сыбайлас жемқорлық қылмысының себептері мен оған ықпал ететін жағдайлар, қылмыстың сипаты және оны алдын алудың шаралары қай түста да ағартушы-ғалымдарды үнемі ойландырған. Аристотель, Демокрит, Платон, Сократ, әл-Фараби, Абайдың және басқа да адамзаттың үлы ойшылдарының еңбектерінде сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы және оны алдын алу шаралары туралы мәселе маңызды орын алған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- әрекет бүгінгі таңдада өзінің өзектілігін жойған жоқ. Пайдакүнемдік зорлық-зомбылық қылмыстардың, тапсырыспен өлтірудің, маскүнемдікке, нашақорлыққа байланысты жағымсыз тенденциялар, компьютерлік қылмыстық, лаңкестік, ұйымдасқан және трансүлттық қылмыстық, сонымен бірге сыбайлас жемқорлық қылмыстарының артуы - бүл XXI ғасырдағы басты қылмыс түрлерінің қысқаша тізімі. Білетініміздей, сыбайлас жемқорлық - теріс, жағымсыз әлеуметтік қүбылыс. Адамзат қоғамы ілгері жылжыған сайын, оның әлеуметтік-саяси қүрылымы өзгерсе де, ғылым, мәдениет, өнер
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==