Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы
мақсатында кезең - кезеңімен көтеру арқылы оң нәтижелерге қол жеткізді. Сингапурдың жемқорлыққа қарсы күрес тиімділігін айгқан кезде, белгілі бір шешімге келер алдында, екі бірдей күмәнді мәселенің басын ашып алған абзал. Біріншіден, Сингапурлық модельді басқа мемлекетгерге көшіріп, қондыра салу ақылға сыймайды, өйткені әр мемлекеттің өзіндік тарихи ерекшеліктері, географиялық, экономикалық, демографиялық және саяси ерекшеліктері бар. Екіншіден, тағы бір қателіктен сақтандырмаса болмайды, өйткені сингапурлық модель көп қаржылық шығындарды талап етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы заң талаптарын орындаудан жалтаруға мүмкіндік бермейтіндей өмірдің сан-алуан жағдайларын қарастыратындай жан-жақгы мәселелерді қамтулары тиіс және өзекті мәселелерді қайталай қарастырып, қаж&ггі жағдайда өзгерістер енгізуге мүмкіндік туғызу жағдайы да қарастырылуы абзал. Мемлекетгік қызметшілер мен саяси көшбасшылар арасында жемқорлық әрекеттерге баруды азайтудың жолдары ретінде олардың жалақылары мен кейбір берілетін жеңілдіктерін жеке сектордың деңгейіне салыстырмалы түрде тақатса, осы бағыттағы жүмыстың қомақты жетістігі болар еді. Басқа сөзбен айтсақ, саяси көшбасшы мен мемлекеттік қызметшілердің томен жалақысы лауазымдық қызметтері мен жауапкершіліктерінің салмағына сәйкес болмағандыктан, жемқорлықтың түрлі сиқырына төтеп бере алмайды. Бірақ та, мемлекетте экономикалық деңгейдің дамуында белгілі бір алға жылжушылық пен қаржының қосымша көздері болмаса, үкімет бүл қызметшілердің жалақысын көтеруге мүмкіндігі болмайды. Яғни, мемлекеттік сектордың болашағына мемлекеттік қызметшілердің жалақысының төмендігі қолайсыз жағдай тудыруы әбден мүмкін, өйткені, дарынды мемлекеттік қызметшілер жеке компанияларға жүмысқа кетіп қалу қаупі бой көтереді. Себебі, онда жалақы әлдеқайда жоғары, ал қабілеті төмендер орындарында қалып, мардымсыз жалақыларының өтемін жемқорлық жолмен табуға тырысады. Жоғарыда айтқандарды қорыта келе, Сингапурдағы жемқорлық әрекеттердің азаюына екі жақгы саясат, яғни, жемқорлықтың туындауына мүмкіндіктің азаюы және оған қызығушылық тудыратын қүбылыстардың жойылуы эсер етті. Шындығында, ондай күрес жолдары оң нэтижелерге қол жеткізді деуге болады. -43-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==