Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы
Мысалы, Нидерландыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес өзіне мыналарды енгізеді: - сыбайлас жемқорлыққа бейім түратын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда мониторинг жүйесін енгізу және осы жерлерде қызмет ететіндерді қатаң бақылап отыру. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізетін тұлғаларды лауазымға тағайындау; - сыбайлас жемқорлық әрекетгерін жазалау жүйесі - бұл мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеуге қатаң тиым салуды және мемлекеттік қызмет ұсынагын барлық әлеуметтік жеңілдіктерінен айыруды көздейді; - лауазымдық тұлғаның жағымды әрекетін көтермелеу жүйесі - шенеунікке өз қызметін тиімді де адал орындауы үшін материалдық тұрғысынан да, адамгершілік тұрғысынан да жағдай жасау; - арнайы полиция типіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттік қауіпсіздік жүйесі; Компаративтік талдау бойынша, әр мемлекетгің өзінің күресу жолы, әдісі, тәсілі бар. Ал басқа жағынан қарасақ, көптеген мемлекеттердің сарапшылары біркелкі ережелер нормаларын қолдану керек деп ұсыныс жасайды. Тіпті, бүкілұлттық тәртіп әдептілігін қалыптастыру қажет дейді. Осы орайда, 1995 жылы Ұлыбританияда Нолан Комиссиясы 7 қағида қабылдады: 1. Риясыздық. Лауазымды қызметкерлер қоғамдық мүддені жоғары ескере отырып, бір шешімге келеді. 2. Сатылмастық. Лауазымды қызметкерлердің өздерін басқа бір адамдарға не үйымдарға қаржылық тәуелсіздікке қоймағаны дүрыс. 3. Әділдік. Жоғары қызметке тағайындау, келісім шарт жасау, марапаттау мәселелері бойынша шешім қабылдағанда лауазымды қызметкерлер үміткердің кәсіби қабілеттерін, іскерлігін ескеруі тиіс. 4. Есептілік. Лауазымды қызметкерлер қоғамның алдында өздерінің істеген ісі, қабылдаған шешімдері бойынша есеп беріп отыруы керек. 5. Ашықтық. Лауазымды қызметкерлердің шешімдері мен істері қогамға ашық болуы тиіс. Әр шешім дәйектеліп отыруға міндетті. 6. Арды, абыройды сақтаушылық. Лауазымды қызметкерлер өздерінің мүдделері іуралы ашық айтып, егер де осы мүдделері олардың істеген жұмысына қайшылық келтірсе, қоғамның пайдасына әкелетін шешімге келуге тиісті. -31 -
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==