Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы
4. ШЕТЕЛ МЕМЛЕКЕГТЕРГНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ЖОЛЫН КЕСУ ШАРАЛАРЫ Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық мәселесін әрбір мемлекетте, түрлі халықаралық ұйымда кездестіруге болады. Бірақ ол барлық жерде бірдей бола бермейді. Тарихи дәуір және мемлекеттің әлеуметгік-экономикалық даму кезеңіне қарай сыбайлас жемқорлыктың пайда болу мәселелері де әр алуан болып келеді. Кейбір шет елдердің мемлекетгік басқаруында және мемлекеттік қызметінде жемқорлықтың алдын алуға және жоюға бағытталған әкіміпілік қалыптың кешендері қүрылған. Бірқатар мемлекеттерде шенеуніктердің ар кодексі немесе этикалық кодекстер жиынтығы болып табылатын арнайы заңдар қабылданған[1,32]. Осыған орай, шетел мемлекеттеріндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу шараларына назар аударайық. Транспаренси Интернешнлдің мәліметгерін негізге ала отырып, сыбайлас жемқорлықтың жер жүзіне таратылу айырмашылықтарын және қазіргі әлемдегі жемқорлықгың деңгейін зерттеу мақсатында, әлем картасындағы сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратты бейнелеп көрсетуге тырысайық. Халықаралық тәжірибеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы айтқанда, барлық елдерді шартты түрде терт санатқа белуге болады: 1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті табысты жүргізп отырған елдер; 2) сыбайлас жемқорлық орташа деңгейдегі елдер; 3) сыбайлас жемкорлықпен өте келелі мәселелері бар елдер; 4) сыбайлас жемқорлық айырықша байқалатын елдер. Әрі қарай осы жүйені негізге аламыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті табысты жүргізіп отырған елдерге Дания, Финляндия, Швеция, Жаңа Зеландия, Канада, Нидерланды, Норвегия, Швейцария, Австралия, Сингапур, Люксенбург, Ирландия, Германия, Улыбритания, Израиль, АҚШ, Австрия, Исландия, Жапонияны жатқызуға болады. Жоғарыда аталған елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастырудың кейбір ерекшеліктері - осы елдердің үкіметі сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауігісіздікке төнген қауіп деп қарайды. Сондықган сыбайлас жемқорлық сыртган төнген және ішкі қауіп ретінде қабылданып, соған байланысты онымен күрес көлемді және кешенді сипат алады[2,54]. -30-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==